Ықылым заманнан халықпен бірге жасап келе жатқан ырым-тыйымдар жайлы талай әңгіме айтылып жүр.Біреулер бұны еріккеннің ермегі санаса,енді біреулер тіпті Аллаға серік қосқандық деп басын ала қашады,ал кейбір адамдар қызық дүние ретінде қабылдайды.Қалай десек те,ырым тек қазақ халқында ғана емес,барлық ұлт өкілдері арасында да айтылады.Тек басты ерекшелік - ырым-сенім арқылы ол елдің өзіндік таным – түсінігін,салт-дәстүрі мен әдет-ғұрпын бағамдай алатындығымыз.Мысалы,қазақ қыздарына күміспен тұмарша,бойтұмар тақтырған.Оған кез-келген бұйым (ұлутас,сүйек, т.б) немесе арнайы жасалған қымбат заттар да алынған,оларға жазу жазылып,бедер суреттер түсірілген.Бойтұмарды алқаға,кішкене қорапшаға,әмиянға салатын болған.Бұл-ырымдас зат.Ол көз тиюден,пәле-жаладан,апаттан қорғайды деп сенген.
Әлем зерттеушілері де ырымды әрқалай қарастырады,Адамның ертеңгі күніне сенімсіздіктен ойлап тапқандары дейтіндер де бар.Олардың айтуынша,қолайсыз сәттер мен жайсыздықтардан қашып оны болдырмаудың жолы ретінде қарастырып келетін көрінеді.Солай болған күннің өзінде ырымды адамзат өз өмірінің,болашағының жақсы болуын қалағандықтан ойлап тауып,қолданып келе жатқаны сөзсіз.Басқасын айтпағанда қазақтың өзін ұрпағының аман-сау өсіп жетілуі үшін әртүрлі салт-дәстүрмен қоса ырым ұстануына да тура келеді.Бұрындары отбасында нәресте іңгәлағаны естілмеген үй иелері мойынына бұршақ салып,Алладан бала тілеген.Қазақ халқының тарихында,жыр-дастандарында мойнына бұршақ салып бала тілегені жайлы көптеген деректер бар.Сондай-ақ көне көшпелілер мен көне түркі және монғол шежресіндеде мойынға «белбеу салып» әртүрлі тілектер тілейтіні жазылған.
Біздің салт-дәстүріміздің дені ырымсыз атқарылмайтын күнделікті өмірде куә болып жүрміз.Шақалақ шырылы естілгенне бастап жасалатын той-жиындардағы әдет-ғұрыптардың өз ырымы бар.Ырымға сенсек қандай да бір атқарылмай қалса,жамандықтың ауылы алыс емес деп күдіктенеді.
Рас,жөні-жосықсыз ырымдарда кездесіп жатады.Бірақ олардың өзі де өркениеттің арқасында жоғалып барады.Оңтүстік шығыс елдерінде (Қытай,Жапония,Корея) 4 санынан зәредей қорқады.Бұлардың ырымшылдығы сонша соңы 4 санымен аяқталатын телефон нөмірін алмауға тырысатынын белгілі ұялы байланыс операторлары да біліп алған көрінеді.Сондай-ақ 13 саны батыстағыларға соншама үрей туығызардай не дейміз біз.Бірақ күншығыс елдерінде төртінші нөмірлі аурухана палаталары,көп қабатты үйде төртінші қабатта,төртінші нөмірлі пәтерде болмайтыны сияқты батыстың кейбір елдерінде 13 нөмірлі дүние жоқ екенін естіп біліп жүрейік.«Әр елдің салты басқа» деген осыдан қалса керек. Америка құрама штатытының ғалымдары өз еліне қолданылатын миллионға жуық ырым жинақтаған екен.Оған жаhанға жария болған ырымдардың бізден асып кете алмағанын қосыңыз.Қытайдың әйгілі пәлсапасына айналып отырған фен-шуй ілімі де ырымнан құралған ғой. «От пен суды жақындатпау керек» деп пеш пен су құбырын алшақ орнататын қытайлықтарды үлгі етіп жатқандар қаншама.Дегенмен өзіміздің төл ырымдарымызда бастан асады.Ырым таусылмайтын тақырып.Кейде заманның талабына сай өңін өзгертер,талай жаңа ырымдар туар.
Толып жатқан тыйымдар да ырыммен қатар ауызға алынуы бекер болмаса керек.Бала тәрбиелеуде бар ақыл-ойын,күш-жігерін жұмсаған халықтың тыйымдары да шектен аспаған болса керек.Тыйымның жас ұрпақты тәрбиелеудегі маңызын ешкім де жоққа шығара қоймас.Үлкенге құрмет,кішіге ізет көрсетуді,ас мәзіріне ыждаhаттылықпен қарауды (нан қоқымын баспа,тұзды шашып алма, т.б),табиғатты қорғауды (жасыл шөпті жұлуға болмайды,айға сұқ саусағыңмен көрсетпе, т.б) ұлағат еткен. Семенов-Тянь-Шанский қазақтар туралы: "Бұларды оқытудың қажеті жоқ. Салт-дәстүрлері,ырымдары түгел тұнып тұрған білім!" деп бекер айтпаса керек. Сан ғасыр сарапқа түсіп,бүгінгі күнге жеткен ырым-тыйымдар әлі де мәнін жоғалта қоймасы сөзсіз.
Мөлдір Ғалым
Х.Досмұхамедов атындағы
Атырау мемлекеттік университеті.
Журналистика кафедрасының 2 курс студенті