Ыдыс жуудан құтыласыз
блог
Класс тайм 13.06.12
Байқасаңыз, біз өз уақытымыздың біраз бөлігін асүйде ыдыс жуумен өткізеді екенбіз, кейбіреулер ыдыс жуу машинасын қолдану арқылы уақытын басқа да қызықты істерге жұмсайды. Ал егер тамақ ішу сәті табиғат аясында немесе жол үстінде келсе не болмақ? Қазір енді ыдыс жуудың жүгін жеңлдететін бірнеше әдіс бар. Мәселен, бір реттік ыдысты қолдану, не бар кір ыдысты жиып алып, үйге апарып жуу.
Бірақ болашақта енді ыдыс жуу деген мәселені мүлдем ұмытуымыз мүмкін екен. Технология бір орында тұрмайды, әлемде сәт сайын адамның күйкі тірліктегі жұмыстары жеңілдеп келеді. Алдағы уақытта тағам қалдықтарын өңдей алатын қосымша функциясы бар ықшам ыдыс жуатын машина пайда болмақ. Ыдыс жуатын машинаның концепт-үлгісі ендігі дайын болып та үлгеріпті. Ахи Энди Мохсен (Ahi Andy Mohsen) деген бір өнертапқыш тұрмыстық техника шығаратын Electrolux компаниясы үшін Eco Cleaner атты керемет құрылғы ойлап тауыпты. Бұл ыдыс жуатын машинаның көлемі шағын, сондықтан оны тіпті жолда алып жүруге болады екен. Ыдысты жуу үрдісі ультрадыбысты толқындарының көмегімен жасалады, осылайша біз енді ыдыс жуу үшін сатып алатын түрлі химиялық сабындар мен сұйықтықтарға жұмсалатын шығындардан құтыламыз. Осы жаңалықтың көмегімен үйдегі ақшаны үнемдеуге болады. Ыдысты жуудан бөлек, бұл машина тамақ қалдықтарын өңдейді, өңделген қалдықтарды өсімдіктерге қажетті тыңайтқыш ретінде қолдануға болады екен. Мұндай пайдалы гаджетті жасау үшін салмағы жеңіл, өзі берік және коррозияға төзімді келетін көмірпластик материялы қолданылмақ.
Гүлжан Серік