Ыбырай әлеміне саяхат
блог
Ұстаз!Ұлы да қастерлі ұғым. Бір сөзінде Ы.Алтынсарин :«Оқытушыны бағалағанда , олардың іске қатысы жоқ сөздеріне қарап емес , олардың егістіктерінің бетіне шыққан жемістеріне , яғни оқушыларына қарап бағалау керек »-дейді . Қалдырған мұрасы , еңбектері де бағалы , салған дара жолы ұлтымыздың ұлы ұстазы Ы. Алтынсариннің туғанына 180 жыл толып отыр.
Бүгінде әнші Т.Төреәлі өзін «Ұлы даланың ұлы баласымын» деп бағалайды. Ұлы баласы болатындай не іс тындырғаның кім білсін ?! Ұлы даланың ұлы баласы Ыбырай , Шоқан , Абай , Мұхтарлар , Дәулетбай , Қабанбайлар деп білемін өзім.
« Кел , балалар , оқылық ! » деп , бар өмірін гуманистік , ізгілік , оқытушылық , ағартушылық жасына арнаған Ыбырай әлеміне жасалатын саяхаттың түбі жоқ шығар сірә ?
Орыс педагогика ғылымының тарихы мен өз тұсындағы жағдайын терең зерттеп білу оны Қазақ халқының аса көрнекті ағартушысы етіп қалыптастырды . Ол орыс - қазақ мектептерінің оқушыларына арнап екі оқу үлгісін : « Қырғыз (қазақ) хрестоматиясын » , « Қырғыздарға (қазақтарға ) орыс тілін үйретуге алғашқы басшылық» жазып шықты .
Алғаш мектеп ашып , мұғалім болған оны ағартушылық идеялар жігерлендіргендіктен ауыл - ауылды аралап , жергілікті халыққа өнер - білімді насихаттады .
Ұстаздың бар еңбегі оқушыны , жастарды еңбекті сүюге , оқу - білім , өнерге ұмтылуға , Отанын сүйетін патриоттық сезімге , талапты , жігерлі , кішіпейіл болуға үндейді.
Оқудың пайдасы , білімнің болашақ өмірдің кілті екенін насихаттайтын «Кел , балалар , оқылық !» өлеңі бүгінде білім ордаларында ұранға айналып , өз мәртебесін түсірген жоқ . Ыбырай атамыздың мұрасы әлі де сан ғасырдың көш басында тұратынына сенемін .