«Яссы-Күлтөбе» қалашығы ашық аспан астындағы музейге айналады.
«Әзірет Сұлтан» мемлекеттік тарихи-мәдени қорық-музейі» РМҚК ескерткіштер тізіміндегі Республикалық маңызы бар «Күлтөбе» қалашығы (І мың жылдық ортасы –ХІҮ ғ.) - Қазақстандағы көне қала орны. Қалашық Қожа Ахмет Ясауи кесенесінен оңтүстікке қарай 350 м жерде орналасқан, сопақша келген, биіктігі 9 м, аумағы 150х120 м ауқымды төбешік.
Қалашықта археологиялық қазба жұмыстарын ҚР Білім және ғылым министрлігі тарапынан бөлінген грантқа «Түркістан экспедициясы» (жетекшісі т.ғ.к. Е.Смағұлов) жүргізіп келді. 2013-2014 жж. қалашық аумағын табиғи факторлардан қорғау үшін металоконструкция құрастырылып, төбесі уақытша материалмен жабылған.
2017 жылдан бастап ҚР мәдениет және спорт министрлігінің тапсырысы бойынша археологиялық қазба жұмыстарын «Қазақ ғылыми-зерттеу мәдениет институты» жүргізуде. Сондай-ақ, «Қазқайтажаңғырту» РМК тарпынан «Күлтөбе» қалашығы ескерткішінде жоспарға сай ағымдағы жылдың 17 қарашасынан бастап төбесін жабу жұмыстары іске асырылады.
«Күлтөбе» қалашығындағы ғылыми-зерттеу және реставрация жұмыстары ескерткіштің барлық тарихи кезеңдерін анықтап, нәтижесінде қалаш