Еліміздің барлық қала көшелерінде біртіндеп «Яндекс. Такси» көліктері жүре бастады. Өз қызметі үшін арзан ақы сұрайтын бұл көліктер үлкен сұранысқа ие.
«Яндекс. Такси» Шығыс Қазақстан облысында, яғни Семей мен Өскемен тапсырыстар тізбегін ендірді. Жүргізуші кезекті жолаушыны керекті мекен-жайға апара жатқанда келесі тапсырысты қабылдай алады. Мұндай қызмет алғаш рет 2016 жылдың соңында Ресей елінде, Алматы мен Астана қалаларында жарты жыл бұрын іске қосылды.
Бұл қызмет такси жүргізушілері мен жолаушыларлың уақытын үнемдейді. Сондай-ақ, қызмет көрсету тиімділігі артады.
Таксиге тапсырыс бергенде баратын жердің нақты мекенжайын білу міндетті емес, мекеменің немесе ұйымның атауын көрсету жеткілікті – сервис оны картадан тауып, маршрут құрады. Оның үстіне, қосымша машинаны беру үшін анағұрлым қолайлы орынды ұсына алады. Мысалы, кейбір жағдайларда жолдың екінші бетіне өту жеткілікті, сонда машина тезірек келеді, ал сапардың құны төмендеу болады.
Яндекс.Такси таксопарктермен және диспетчер қызметтерімен бірге қызмет етеді, жүргізушілермен тікелей жұмыс істемейді. Тапсырыстарды үлестіру барысында қосымша пайдаланушылардың бағалауларына және орындалған сапарлардың статистикасына негізделген жүргізушінің рейтингін есепке алады.
Яндекс.Такси сервисі Қазақстанда, Ресейде, Беларусьте, Арменияда, Молдовада және Грузияда жұмыс істейді. Жалпы сервиске 200 000 жуық жүргізуші қосылған. Қазақстанда Яндекс.Такси қызметі Алматы, Астана, Ақтөбе, Атырау, Орал. Семей, Өскемен қалаларында көрсетіледі.