Елімізде өткен жылы өз жұмысын бастаған «Яндекс. Такси» компаниясы үлкен жетістіктерге жетіп жатыр. Күн сайын компанияның қызметінің сапасы жақсарып, жақсы жаңалықтар көбейіп келеді.
1. Яндек.Такси Қырғызстан елінде. 9 қарашада Бішкек қаласында өз қызметін бастады. Яндекс. Такси Қырғызстандағы алғашқы халықаралық сервис. Мобильді қосымша те кырғыз тілінде жасалған. Такси қызметінде Lexus LX570, Mercedes S-Class и G-Class автокөліктер бар.
2. Яндекс. Такси сервисі енді Петропавл және Қостанай қалаларында жұмысын бастады. Енді қала тұрғындары таксиге мобильді қосымша немесе сайт арқылы тапсырыс бере алады. Қазақстанда сервис Астана, Алматы, Ақтөбе, Атырау, Қарағанды, Қызылорда, Павлодар, Орал, Өскемен, Семей және Шымкент қалаларында қызмет етеді.
Машинаға тапсырыс беру үшін диспетчерге қоңырау шалу қажет емес: Яндекс.Такси пайдаланушының орналасқан жерін автоматты түрде анықтап, тапсырысты бәрінен бұрын келуі мүмкін жүргізушіге жібереді. Петропавлда және Қостанайда таксиді күту уақыты орта есеппен 5 минутты құрайды, машинаның қозғалысын қосымшадағы қаланың картасынан бақылап отыруға болады.
3. Яндекс. Такси мобильді қосымшасында сапар бағыты сақталады. Сондай-ақ, бұл сақтау функциясы арқылы таксиде қалдырылған заттарды жылдам табуға, қызмет көрсеткен жүргізушінің аты-жөнін білуге, мекен-жайды анықтауға болады. Қолтанбада үш ай бойы барлық сапарларыңыз туралы деректер сақталатын «Тапсырыстар тарихы» тармағы пайда болды.