Вячеслав Ким мен Михаил Ломтадзе аутизммен ауыратын балаларға баспана сыйлады

Алматыда аутизммен ауыратын балаларды емдеуге арналған «Аутизмді жеңеміз» жобасының үйі ашылды.  Қайырымдылыққа мұқтаж балаларға бұл үйді «Kaspi Bank» АҚ құрылтайшылары Вячеслав Ким мен Михаил Ломтадзе сыйға тартқан.

 

Аутизм туралы естіген шығарсыз? Естімесеңіз басты рөлде Том Круз, Дастин Хоффман ойнаған «Человек дождя» фильмін қарап шықсаңыз болады. 

Қарапайым тілмен айтсақ - аутизм шынайы өмірден алыстап, өз әлемінде өмір сүру, сыртқы жағдайларға бейімделе алмау, қоршаған ортамен қарым-қатынастан қашу. Өкінішке қарай соңғы жылдары аутизммен ауыратын балалар саны көбейіп келеді. 2013 жылы 68 баланың біреуінде аутизм белгісі анықталған. Аутизмнен жазылу туралы пікір көп. Бірақ, соңғы кездері қазақстаның өзінде бұл дерттен жазылған балалар бар. Бұл әрине күнделікті жаттығу, еңбекті талап етеді. Мұнымен жалғыз күресу мүмкін емес. Сондықтан болар 2011 жылы мұндай балалары бар ата-аналар аурумен бірігіп күресу үшін «Аутизмді жеңеміз» орталығын құрып, бірге үй жалдап, Мәскеуден маман алдырып күресе бастаған. 22013 жылдан бері жобаға «Добровольное общество милосердие» (ДОМ), «Самұрық-Қазына» ҰӘҚ және бірқатар компаниялар қолдау білдіріп келген. Алайда 2011 жылдан бері орталықтың тұрақты мекені болмай жиі көшуге мәжбүр болған. Бұған дейін 4 үй ауыстыруға мәжбүр болған. Әрі ауру балалар көбейген сайын үйді үлкейтіп отыруға мәжбүр болған. 

"Аутизммен ауыратын балалар ұдайы аналарының қарауында болуы керек. Ал қаржымен қаматамасыз ету әкелердің мойнында болды. Бұл бізге аутизммен күресуден де ауыр салмақ болды. Өйткені ұдайы көшіп жүру, жалдайтын үй іздеу, оған төлейтін қаражат іздеу үлкен мәселе еді. Мұның сыртында балаларға Мәскеуден маман алдырып емдеу үшін қаражат керек еді. Енді жеке баспананың болуы бізге үлкен көмек болады. Тұрмыстық мәселеге алаңдамай балалардың денсаулығын түзеуге кірісеміз" дейді орталық мүшелері.  

1400 шаршы метрлік үйде аутизммен ауыратын балалар қалыпты өмірге оралуға мүмкіндік алмақ. Вячеслав Ким мен Михаил Ломтадзенің бұл ісі басқа кәсіпкерлерге үлгі болады деп сенеміз. 

Айта кетейік, бұл екі бизнесменнің қолдау білдіріп отырған жалғыз жобасы емес. Олар ешкімге жария етпей-ақ денсаулық, спорт, білім беру салаларындағы қоғамға маңызды жобаларға көмектесіп келеді. 

 

 



Бөлісу: