'Вупи Пай' тортын бірге әзірлейік!
блог
Қалайсыздар құрметті массагеттіктер!
Мен сіздермен бүгін дәмді 'Вупи пай' тортының дайындалу жолдарымен бөлісемін.
Ендеше бастаймыз.
Құрамы:
4 жұмыртқа
160 г секер
230 г ұн
2-3 ас қасық какао ұнтағы
100 г сары май
120 г қара шоколад
15 г разрыхлитель
Креміне:
250 г сливки
160 г қант ұнтағы
250 г маскарпоне ірімшігі
Глазуріне:
50 г қара шоколад
10 г сливки
Дайындалу жолы:
Ең алдымен ыдысқа 4 жұмыртқаны жарып, миксермен араластырамыз. 2-3 минуттан кейін миксерді сөндірмей секерді салып 15 минуттай араластырамыз. Сұйықтық көпіріп көтерілгенше араластырамыз.Бөлек ыдысқа шоколад пен сары майды салып ерітіп аламыз. Ерігеннен кейін суытып алдыңғы қоспамен араластырамыз.
Содан кейін Ұн, какао, разрыхлитель үшеуін бөлек ыдысқа араластырып қоямыз. Оны да алдыңғы қоспамызға салып араластырамыз. 1-2 минут жетіп қалады.
Осындай қою қамыр шығады. Енді пергаментті алып қолда бар немесе қалаған форманың үлгісін сызып, қалған жеріне печеньенің дөңгелектерін салыңыз.
Дайын болған соң пеште 180 градуста 10-15 минут пісіреміз.
Енді кермін әзірлейміз. Сливки мен маскарпоне алдын ала тоңазытқышта тұруы тиіс. Құрғақ, өте таза ыдыс алыңыз! Оған салқын сливкиіңізді құйыңыз 2-3 минуттан кейін қант ұнтағын салып араластырып тұрыңыз. Крем өз формасын ұстап бастаған кезде бір-бірлеп маскарпонеңізді салыңыз. Ескерту! Миксерді сөндірмеу керек, заттар салқын күйінде болуы тиіс, көп араластырмаңыз әйтпесе крем іркіп кетеді.
Міне осындай бір формада тұруы тиіс.
Енді осылай барлық корждары піскеннен кейін суытып аламыз. Содан кейін барып кремін дайындаймыз. Кремді арнайы қалташаға салып гл немесе әртүрлі форма шығаруға болады.
Осылай алдымен жан-жағын гүлдеп, содан соң ортасына кремін жағып 3 коржды кезекпен-кезек орналастырамыз.
Дайын болған печеньелердің арасына да кремді жағып жабыстырамыз.
Енді дайын болғаннан кейін бетіне құйатын глазурін дайындаймыз. Ол үшін шоколадды ерітіп, оған сливкиді құйамыз. Дайын болған сұйықтықты суытып барып бетіне құйасыз.
Соңғысы торттың бетін дайын болған печеньелермен әрлсеңіз болады немесе өз қалауыңыз.
Дайын болған тортты тоңазытқышқа салып қойыңыз.
Астарыңыз дәмді болсын!