Всадник без головы.

Всадник без головы.
жеке
блог

 Майн Рид
Жұмбақ салт атты

Англияның атақты жазушысы Томас Майн Рид 1818 жылдың 4 сəуірінде Ирландияның Баллирони атты шағын қаласында дін қызметшісінің үйінде дүниеге келеді. Əкесі баласының өз жолын қуып, тақуа атанғанын қалайды. Алайда, көзі ашық, еті тірі бала жаңа өмір, басқа орта іздейді.
1840 жылы Майн Рид туған елімен қош айтысып, Америкаға аттанады. Бұл кездері Америка ҚҰрама Штаттарының билігі тасып, осы жердің байырғы тұрғындары үндістерді отпен , оқпен қуып жатқан еді. Ал АҚШ-тың оңтүстігінде Жаңа Орлеон қаласы орналасқан. Жер шарының түпкір-түпкірінен жиналған қулар мен сұмдар, алыпсатарлар мен алаяқтар осы қалаға келетін. 1840 жылы Майн Рид осынау аты шулы қаладан бірақ шығады. Шытырманға толы оқиға осыннан басталады.
Жұмбақ салт атты 1865 жылы жазылып, жарық көрген. Автордың басынан өткен оқиғаларына негізделген алдыңғы қатарлы, үздік туындыларының бірі. Оқиға желісі ХІХ ғасырдың 50-жылдарындағы Техаста болған кезінен басталады. Романның сюжетін толығырақ түсіну үшін оқып көрген абзал.
 Жұмбақ салт атты. Мұқабасы əдемі (Заманауи), жылтыр қалың кітап болатын. Сыртында əлем балалар əдебиеті деп жазылыр тұратын. Мен алғаш оқығанда 11-12 жаста едім. Дəл сол кезде мені ең бірінші қызықтырғаны- кітаптың атауы жəне ондағы аттың үстінде отырған бейне еді. Салт аттының жұмбағы сол-басы жоқ. Иə, сəл бастап оқып көрген едім, тілі сəл күрделі болғанымен (қазақша нұсқасы), оқиға желісі мистикаға толы, шытырманға айнала берді. Детективтік сарын да болды. Бұл шығарма осысымен қызықтырған еді.Бала күнде есімде қалғаны сонша, кітаптың мұқабасы мен автордың аты-жөні, кейіпкерлер əлі де көз алдымда тұрады. Дəл сол жастағы жасөспірімдерге арналған шығарма екені рас. Дегенмен, қазір қайталап оқысам мүлде ьасқа қырынан ашылғандай болды. Сол себепті мистикалық əрі шынайы оқиғаға негізделген шытырманға толы шығарма іздесеңіз, Томас Майн Ридтің "Жұмбақ салт атты" романын алыңыз.
Роман желісі бойынша 1973 жылы өзі аттас фильм түсірілген. Режиссері Владимир Вайншток.