Воллейбол спорты туралы бірер сөз (байқау)

Воллейбол спорты туралы бірер сөз (байқау)
жеке
блог

Воллейбол — командалық спорт түрі. Воллейбол алаңында әрбір спортшы маңызды рөл атқарады. Воллейбол ойыншысы биіктікке секіру қабілеті жоғары, реакциясы мықты, командаластарымен еркін түсінесетін, физикалық әлеуетін соққы жасау кезінде орынды пайдаланатын ойыншы болғаны жөн. Воллейбол ойнаушы адамдардың бұл ойынды ұнатуының басты себептері: салауатты өмір салтын ұнату, ережелерінің оңай болуы және воллейбол ойнау үшін көп құралдың қажет болмауы.

Воллейбол туралы қысқаша:

Уильям Дж. Морган бұл ойынды «МИНТОНЕТ» деп атаған екен. Негізінен воллейболдың тарихы он тоғызыншы ғасырдан бастау алады. Кейбір ақпараттарға сүйенсек, Еуропа, Орталық және Оңтүстік Америка халықтары осы тектес ойынды мыңдаған жыл бұрын ермекке айналдырған көрінеді. Ежелгі Рим жылнамаларында да біздің заманға дейін III ғасырда воллейбол сынды фаустбол ойын түрі ұйымдастырылып тұрған. Олар әр командада 3-6 ойыншыдан бөлініп, допты алса қабырғадан лақтыруға тырысқан. Фаустбол ойыны әсіресе, Еуропа халықтарына кеңінен танылған. Ойын 15 минуттан 2 таимға созылған

Воллейболдың ресми күні 1895 жыл деп белгіленді. Оны алғаш ойлап тапқан  У. Дж. Морган.

Қазақстанда алғашқы жарыс 1926 жылы Қызылордада ұйымдастырылды. Қазақстан воллейболы 20 ғасырдың 60-жылдары жақсы дамыған. Ол спорт шебері, КСРО-ның еңбек сіңірген жаттықтырушысы Октябрь Жарылғаповтың есіміне тікелей байланысты. Оның құрған «Буревестник» ерлер командасы 1969 жылы КСРО-ның, 1970–71 жылы Еуропа чемпиондарының кубогін жеңіп алды. Қазақстанда тәрбиеленген Валерий Кравченко, Олег Антропов, Надежда Смолеева 1968 жылы Мексикада өткен 19-Олимпиялық ойындардың, 1969 жылы Жәнібек Саурамбаев Еуропаның чемпионы атанды. Мұндай табысқа 1988 жылы Сеулдегі 26-Олимпиялық ойындарда Ольга Кривошеева, Елена Чебукина, Татьяна Меньшовалар жетті. Алматының АДК әйелдер воллейбол командасы 1984 жылы КСРО-ның чемпионы атанды. Воллейболшылардың халықаралық одағы 1924 жылы құрылған; 1992 жылдан осы одаққа Қазақстан Республикасының Воллейбол федерациясы мүше.

Мен воллейболда үлгі тұтатын адамым  Сана Мақсұтқызы Анарқұлова (Жарлагасова). Сана Мақсұтқызы Анарқұлова  қазақстандық волейболшы, Қазақстанның және "Алматының" ВК құрамасының ойыншысы, Қазақстан Республикасының халықаралық дәрежедегі спорт шебері. Қазіргі кезде қазақ ұлттық құрамасында 2 қазақ қызы өнер көрсетеді. Біреуі Сана Жарылғасова болса, екіншісі  Сананың жерлесі Зарина Сейітқазынова. Дегенмен шынын айту керек, ерлер құрамасында қазақ жігіттері көбірек болғанымен, арулар арасында қазақ қыздары мүлдем аз.Сондықтан қазақ қыздары воллейбол ойынын дамытуға атсалысайық.

Енді осы аптадағы дайындығыма келетін болсам, әдеттегідей ауыл стадионына барып, жаттықтым.