Сәлеметсіздер ме? Сіздермен тағы да біргемін. Менің орындалып келе жатқан мақсаттарымның бірі – воллейбол ойынымды дамыту.
Воллейбол қызықты ойын десем болады. Доппен көптеген қозғалыстар жасау, дене шынықтыру, жарыстарға барып достар табу т.б. Бұл мен үшін маңызды әрі қызықты. Адамға жақсы көңіл күй сыйлайды. Көтеріңкі көңіл күймен дайындық жасап, ойнайсын. Және де уақытыңды тиімді өткізуге көмектеседі. Воллейбол ойынымды дамыту барысында жасап жүрген жаттығулар арқасында денемде шынығып қалыпты. Спортпен айналысарда оны жақсы көріп, шын ниетінмен айналысу керек. Сонда ғана үздік нәтиже көрсете аласың. Үздік нәтиже көрсету үшін де еңбек етесін. Еңбек, еңбек және еңбек ...
Воллейбол жаттығуларымды қазіргі кезде ауыл стадионына барып жаттығып жүрмін. Стадионмен үй арасы алыс болғанына қарамастан, үздік нәтиже көрсету үшін, мақсатыма жету үшін бұл маған еш кедергі келтірмейді. Қайта керісінше стадионға дейінгі қашықтық жүгіріп баратын аймақ болып табылады. Күндегісін барып жаттығамын. Алдымен дене қыздыру жаттығуларын жасап, сосын доппен көптеген жаттығу жасаймын. Қазір денсаулығыма байланысты жаттығуымды тоқтатып отырмын. Бірақта емім біткен соң жалғастырамын.