ВК vs ФБ
блог
ВК vs ФБ
ХХІ ғасыр – адамзат тарихындағы ең бір озық дамушы ғасыр. Тіптен дамудан бас алмайтын болды. Соның бірі желінің жетістігі.
Желі (интернет), соның ішіндегі түрлі- түсті, алуан- алуан мәні мен мағынасы бар тораптар (сайттар) жайында, атап айтқанда Вконтакте мен Faceboоk жайында сөз қозғасақ.
Вконтакте – Павел Дуров дейтін азаматтың қиялынан туған торап. Жалпы атауы «желідегі жалпы ақпарат». 2006 жылдан бастап жұмысын бастаған бұл тораптың алғашқы отаны – Белоруссия. Одан кейін Ресей және біз. Еуропаның кіндігінде туып әлемнің 22 еліне тарап үлгерген бұл торап несімен құнды болды?!
Алғашқы тұтынушылары студенттер мен сол шамадағы жастар. Тіптен жастардың ақпарат алмасу көзіне айналды. Қолдануға ыңғайлы әрі сөйлесуге де. Жан – жақты жасалған тораптың құнды болуы жастардың өмірден гөрі осы жерде көп бас қосатындығында. Қызығы мен шыжығы толы алып қоғамды осынау бір тораптың бетіне сидырып тастау әрине керемет емес пе?! Үйіңнен шықпай әлемде не болып жатқанын білу де жақсы. Жастардың қолдауына ерекше ие болған тораптың ғұмыры ұзақ бола ал ма?!
Вконтактенің халықаралық деңгейдегі мәртебесі «пират торап». Яғни, оның мәртебесі нөл деген сөз. Ғұмыры да ұзақ бола алмас. Дегенмен, жастардың жанына жақын болып кетті.
Келесі сөз еткелі отырған торап Фейсбук (Faceboоk). Қысқартып «ФБ» деп те жүрміз. «ФБ» десек, қоса жүретін мына Марк Цукербергті танымайтын адам жоқ шығар.
2004 жылдың қоржынына түскен бұл тораптың халықаралық мәртебесі өте биікте. Марктың әрі оның достары: Эдуардо Саверин, Дастин Московиц және Крис Хьюздерің көмегімен бұл торап жұмысын бастады. Гарвард университетінің жастары ойлап тапқан бұл тораптың ауқымы бірден әлемдік елдердің қызығушылығын тудырды. Мұнда тек дені жастар ғана емес, сонымен қатар үлкенді-кіші, тұлғалар да, жұлдыздар да, керек десеңіз елдің басшылары да отырады. Сондай бір еңбектің талабымен жарық көрген тораптағы әңгімелердің де ауылы үлкен.
Енді айтпағым, бұл екі торапты мен былай деп қарастырдым. Вконтакте – жастардың көңіл көтеруі үшін арнайы әзірленген бағдарлама десек, ФБ – әлеуметтік жер. Ондағы басты қағида мәдениет пен өркениет. Онда бәрі бар. Әдебиеттің де әлемі бар.
Жазу мен сызу көмескі тартып бара жатқан қоғамда осы екі алыптың күресі басталды. Кез келген адам үйінде отырып осы екі тораптың есігін алдымен ашады. Біріне кіріп көңіл көтеріп отырса, біріне кіріп саяси сахнаның төріне бірақ шығады.
«Қонақта отырып көңіл көтеріп қоймай, «Фирдауси» бастаған әлеуметтік желінің есігіне де кіріп тұрыңыздар»...
Марғұлан АҚАН