Византия империясы мен ежелгі Римнің арасында қандай байланыс бар?

Византия империясы мен ежелгі Римнің арасында қандай байланыс бар?
жеке
блог

Көптеген тарихи кітаптарда Рим империясы б.з.-дың V ғасырында құлағаны айтылады.  Иә, бұл жаңалықты ортағасырлық  Рим империясында  өмір сүрген адамдар естісе  таң қалар еді.  Ортағасырлық  Рим империясын біз «Византия империясы» деп атаймыз.  Империя бірінші император Константин христиан дінін қабылдаған кезден яғни  біздің заманымыздың 330 жылынан бастап өмір сүре бастады.  Ол империяның астанасын  Византий атты көне гректердің қаласының  негізі қаланған жерде  орналасқан Константинополь қаласына көшіреді.  410 жылы вестготтар (Готтық тайпа одағының батыс бұтағы боп  саналатын ежелгі герман тайпасы)  Рим империясын тонап кеткен соң, ал батыс аймақтарын варварлар басып алған кезде Константинополь  римдік императорлардың бас сауғалар жеріне айналды. Міне, дәл осы жерде олар империяны 11 ғасыр бойы билеп отырды.карта

Византиялықтар классикалық рим империясының ережелеріне сүйеніп,  соның арқасында  жабайылар деп санаған көршілерінен мәдениет пен технология бойынша оқ бойы озық тұрды.  

ІХ ғасырда империяға өзге елдерден  келушілер Константинополдегі  императорлық сарайдың тас күмбездерінің әсемдігіне тамсанған.  Тақты екі алтын арыстан күзетеді, ал олардың жасырын мүшесі  қонақтар тәжім еткен кезде ақыратын  механизммен жұмыс жасаған.  Оның жанында алтын ағаштың бұтағында алтын құстар ән салған.  Рим инженерлері ортағысылардың өзінде-ақ  гидравликалық  қозғалтқыштарды (су ағынының кинетикалық энергиясын  (гидравликалық турбина, су доңғалағы, бағаналы қозғалтқыш) біліктің механикалық энергиясына  айналдыратын машина) император тағын  көтеріп, түсіру үшін қолданған.  архитектура

  Император киімдері –  ежелгі римдіктерден мұра боп қалған  мәдени аспектілердің бірі: дәстүрлі әскери жабдықтардан бастап  тіпті  римдіктердің заңдарын қолданатын сот отырыстарына арналған  киімдерге дейін.киім

Византиялық жұмысшы табының күнделікті өмірі аталары римдіктердің өмірінен  аса қатты  айырмашылықтары  болмады. Көпшілігі мал бағушылықпен және әртүрлі кәсіп түрлерімен айналысты.  Мысалы, қыш ыдыстар жасаумен, тері илеумен, балық аулаумен, тігіншілікпен және жібек  өндіруді кәсіп еткен. Бірақ, Византия империясы  ежелгі Римдіктердің табысына  масаттанып, даңқа бөленбеген.  Оның суретші-новаторлары  мәрмәр тастан  мозайкалар мен әшекейлер жасаған. Империяның сәулетшілері сансыз шіркеулер тұрғызды. Солардың  бірі – Айя-София   атты үлкен шіркеуі өзінің  биік, бейнебір  аспанға ілінген секілді күмбездерімен танылған.айя-софия

Византия  ұлы ойшылдардан да кенде болмаған. Анна Комнина – ХІІ  ғасырдағы империя ханшасы, өз ғұмырын пәлсапа мен тарихқа арнаған. Ол өзінің әкесінің билеу кезеңін жазған. Бұл еңбек  империяның крест жорықтары кезіндегі  саяси тарихынан ақпар беретін  негізгі деректер көзі. Келесі ғалым – Лев Математик империяның территориясына (қазіргі Түркия мен Грекияның территориясы) созылған шамшырақтар (маяк)  жүйесін ойлап тапқан.  Жүйе ұзақтығы  700 шақырымға созылған. Бұл  мемлекеттің  шет аудандары императорды жау әскерінің  территорияны басып кіруінен  1 сағат бұрын ескерте алады. Бірақ, мұндай мүкіндіктер империяны басып алушы жаулардан ұзаққа  қорғай алмады.

1203 жылы француз  және венециялық крест жорықшылары IV Алексей Ангел есімді адаммен одақтасады.  Алексей тақтан құлаған патшаның ұлы еді. Ол крест жорықшыларына сансыз байлыққа кенелетіндеріне  уәде береді, ал  айырбас ретінде олардан  ағасы отырған тақты қайтаруға көмек сұрайды. Оның жоспары сәтті аяқталады.  Бірақ, бір жылдан кейін халық көтеріліп, оны тақтан құлатып, өлтіреді. Ал, оның одақтастары өздеріне тиісті сыйақыны ала алмаған соң, Константинополге шабуыл жасайды. Олар антикалық дәуір мен ортағасырлық өнер және әдебиет жауһарларын құртқан өртті  салады.  Халықтың үштен бір бөлігі үйсіз-күйсіз қалады. 

Елу жылдан кейін Михаэл Палеолог қаланы қайтарып алады, бірақ  империяның крест жорықшылары жаулап алған барлық  жерді қайтарып алуға  мүмкіндік болмайды. мехмед

1453 жылы Осман империясының сұлтаны  Мехмед Константинополді  жаулап алады да, Рим империясының қайта бас көтеруіне жол бермейді. Дәл осы оқиғамен империяның өмір сүру тарихына  нүкте қойылады. Сұлтан астана атауын Стамбұлға өзгертеді. Осман империясының жаулап алушылығына қарамастан, грек тілді шығыс Жерорта теңізінің тұрғындары ХХІ ғасырдың басына шейін өздерін римдіктер қатарына жатқызып, солай  атап та келген. Шын мәнісінде,  тек қайта өрлеу дәуірі кезінде ғана империяны алғаш Византиялық деп атады. 

    Шығыс еуропа тұрғындары үшін ренессанс антикалық  құндылықтардың жандануы болды.  Ортағасырлық Рим империсының өмір сүруі кейбір еуропалықтардың антикалық дүниемен байланысын үзбегендігін білдіреді. Дәл осы себепті шығыс еуропалықтар дәуірлер арасындағы  шекараны белгілеп алғылары келді. Грек тілінде сөйлейтін, христиандық дінді ұстанушы  ортағасырлық   Рим империясынан классикалық латын  тілінде сөйлейтін, пұтқа табынушы Рим империясын бөлектеу үшін ғалымдар біріншісін  Византия империясы деп атады. Өзінің құлауынан кейін 100 жылдан соң Византия империясы осылай пайда болды.