Виртуалды махаббаттың құрбаны...

Адам көңілі шыны секілді. Бір сынса қайтадан құрастыру өте қиын болады. Осыған орай бір естіген әңгімемді айтып беруді ұйғардым.

       Шілденің шыжыған ыссы күндерінің бірі еді. Айша ата-анасын жұмысқа аттандырған соң  әдеттегідей компьютердің алдына жайғасып, вк желісіне кірді.  Ай бұрын достық жіберген жерлесі Айдар Мағзұмовты ол сырттай танитын. Достарының арасында болғанымен ол жігіт мүлдем жазбайтын. Дәл сол күні барлығы да өзгеше болды. Айдар күтпеген жерден «Сәлем!» деп жазды. Айшаның да ойында ештеңе жоқ. Күнделікті амандасып тұратын жігіттерге қалай жазса, Айдарға да дәл солай үйреншікті жауап қайырды. Солай екеуінің арасында жақсы әңгіме туындап кетті. Айдар 2-3 күнді араға салып Айшаның нөмірін сұрады. Бойжеткен біраз әдептілік сақтап бетін қайтарды. Бірақ Айдар дегеніне жетіп Айшаның нөміріне ие болды. Қоңырау күткен қыз Айдардың дауысын ести алмад. Нөмірді онша жалынып, үзіліп тұрып сұраған жігіт бірден хабарласады ма деп еді, күтпеген жерден Айдар жоғалып кетті. Арада 2 ай өткен соң  Айшаның телефоны шырылдады. Алып қараса дисплейден «Айдар» деген жазу шығып тұрды. Айша әуелі біраз мән жайды түсінбей аңтарылып қалды. Телефонға сәл үңіліп тұрып, дәл сол 2 ай бұрын сөйлесіп жүрген Айдар екені есіне сақ ете түсті. Жүзіне күлкі ойнаған ару телефонын бірден алып Айдардың дауысын алғаш естіді. Солай күндерден күн өтіп Айдар мен Айша кездесе бастады. Аңғал Айша Айдардың неге жоғалып кеткенін де сұрамады. Тек ұната бастаған жігітінің болашақта ғашығына айналғанын қалады. Сөйтіп сезімге бой алдырған Айша Айдарға тез бауыр басып қалады. Жатса да тұрса да Айдарды ойлайды. Бірақ бар сыр Айдардың телефоны қолына алғанда мәлім болады. Дәлірек айтсам, екеуі киноға барғанда Айдар телефонын Айшаның қолында ұмытып кетеді. Ойламаған жерден Айша Айдардың ғашықтық сезімін білдірген «қайтып келші маған» деп жалынған смстерді көреді. Бірақ ол смс-тер Айшаға емес өзге қызға жуық арада жазылған еді. Айшаның жүрегіне біреу пышақ сұғып алғандай қанжылап, көзіне еріксіз жас үйіріле кетті. Дәл сол сәтте Айдар үй телефонына хабарласты. Айша не істерін білмей дал болды. Санасы Айдарды барынша жек көріп тұрды, ал жүрегі бауыр басқан адамы үшін қанжылады. Телефонды көтерген Айша Айдардың сырын білетінін аңғартпауға тырысты . Телефонды алып кетуге Айдар келетін болды.  Сөйтіп сүйген адамымен соңғы кездесуінде барынша суық кескінмен қоштасып, үйіне кіріп кетті. Айдар іштей сезіктенді. Айшадан не болғанын түссіндіруін сұрады. Ызаланған, әлемнен көңілі қалған аңғал қыз сүйгенінің көзіне мелшиіп қарады да қалды. Көзіне жас іркілген бойжеткен екі қолынмен бетін басқан күйі үйіне жүгіріп кіріп кетті. Айдар тоқтатуға тырысты. Сол күні Айша телефон нөмірін ауыстырып, вк желісіне мүлдем кірмейтін болды. Сол оқиға қыздың жүрегін қатты жаралап кетті. Виртуалды әлем қыз басына соққы болып тиді.

    P.S. Махаббатты виртуалды әлемнен емес өмірден іздеңіз. Себебі, компьютердің ар жағында отырған жігіттің сізге қаншалықты шын айтып отырғаны айқын емес. Адамдар кейде өз жарасын жазу үшін, өзге біреудің жүрегіне жара салады. Яғни өзін дәл солай алдап кеткен жанды ұмыту үшін, өз қатесін үшінші біреуге қайталатады. 



Бөлісу: