Виртуал махаббат...

Виртуал махаббат...
жеке
блог

Интернет, адамдарды жақындатпайды. Ол жалғыздықтың жиналуы.

Біз былай қарасаң біргеміз, бірақ бәрібір жалғызбыз. Араласудың елесі, достық елесі, өмір сағымы... 

Я.Л.Вишневский 

Жалпы бұл тақырып мені интернет әлемімен танысқалы беріп мазалап келе жатқан тақырыптардың бірі. Иа, иа, қазір агент, фейсбук тіпті массагет арқылы да танысып үйленіп жатқан жастар бар. Бірақ, әңгіме ол жайында емес...

Әңгіме кездеспеген жандардың виртуал және телефон махаббаттары жайлы. Үлкен кісілер таңқалып жатады: "не ол вирутал махаббат?" деген деп, дегенмен де ол кісілердің де заманында виртуал махаббат болған ғой. Тек олардың арасында қағаз хат жүрген. Өздеріңіз білетіндей соғыс кезінде көп қыздар соғыстағы жігіттерге хат жазған тек суреттерін жіберіп бір-біріне олардан хабар күткен.... Сағына хат тасушыны күткен, себебі ол өздері асыға күткен үшбу хаттарын алып келетін еді... Ал кейін, жігіт іздеп келіп екеуі қосылып, бақытты жанұя болып кеткендерін талай естіп, талай кинолардан көрдік емес пе??? 

Біздікі тек күнделікіті сөйлесіп, күнделікті жазыса алатыныңмен ерекшеленеді. Иа, қалаған уақытыңда хат жазып, телефонмен сөйлесіп тіпті камерамен сөйлесе аласың. Виртуал махаббатта да шынайы махаббатағыдай оны сезінуге болады. Ойлашы, күніне 16-17 сағат қасыңда, не телефонмен тынбай сөйлесесің не тынбай агентте жазысасың. Ол да сенің өміріңе араласа алады, не істеп жатсың қайда барасың, не ұнайды ұнамайды бәрін біледі, тек.... ол сымның ар жағында, ол қасыңда жоқ... Оны қиналған кезіңде оған басыңды сүйей алмайсың хотя сол кезде сені біреу еркелетіп басыңнан сипаса дейсің ғой, сен оны сағынған кезде сүйе алмайсың... 

Иа ол да сені телефон, камера арқылы сүйеді, жұбатады бірақ, бірақ сен одан да көп нәрсені қалайсың... Ұрыссаң да, жек көрсең де ол қасыңда болса... Иа, сен ренжіп қалған кезде артыңнан үндемей еріп келе жатса.... Ашуланған кезіңде көзіңе тіке қарап "сабыр" десе... 

Адаммен миллион рет сөйлескенен бір рет көрген расымен артық... Адам көбіне құлағымен емес, көзімен көріп, жанарымен сүйсініп барып жүргеніне жібереді... 

Ол қасыңда бар сияқты, бірақ алдамшы... Көзіңді жұмғанда қасыңда екенін сезініп, ашқан кезде жоқ екенін байқайсың... 

Соңында сонша уақытыңды сарп еткен жанмен кездеспеуің де мүмкін... Бәрі жалған...