Виктория мен Абдул. Тарихта қалған екеу

Кеше «Sulpak Cinema Kazakhstan» компаниясының ұйымдастыруымен «Lumiera Cinema» кинотеатрында «Виктория мен Абдул» киносының алдын ала көрсетілімі өткізілді. Кеш қонақтарына арналып «Ahmad tea» шәйі ұсынылды, әр түрлі байқаулар өтті.

Киноға келсек, әлемдік премьерасы осы жылдың қыркүйек айында Венецияда өтті. Фильм тарихта қалған екі жан Виктория патшайымы мен хафиз Мухаммад Абдул Карим арасындағы қарым-қатынас жайында.

Қартайған шағында Абдул Карим секілді досты тапқан Виктория патшайым оған құл ретінде қараған жоқ. Патшайым мен қарапайым үнді жігітінің арасында достық, бір-біріне бауырмалдық, қамқорлық пайда болды. Виктория патшайым Абдул Каримнен тіл үйренеді, оған материалдық көмек көрсетеді, оның сенімді қолы болады. Сол үшін де ол өзге уәзірлердің көзінде жек көрінішті болып көрінеді. 1901 жылы Виктория патшайым қайтыс болған кезде Эдуард монарх оны қайта Үндістанға қудалап, барлық құжаттары мен фотосуреттерді өртеп жібереді. 1909 жылы Абдул Каримнің өзі қайтыс болады. Тек 2010 жылы оның жеке күнделігі табылып, соның негізінде екеуінің арасындағы қарым-қатынас әлемге белгілі болады.

Тарихта қалған екеуі жайлы кино 14 желтоқсаннан бастап барлық кинотеатрларда көрсетілетін болады. Міндетті түрде, қараңыздар. Өкінбейсіздер

 



Бөлісу: