Достар, Алтайда дайындалған видеблогтарымның кезекті шығарылымын назарларыңызға ұсынамын. "Алтай қазынасы" экспедициясының үшінші күні де қызықа толы болды. Әсіресе, маған Марқакөл жағасында тұрған Ұранқай ауылы ұнады. Ауылға барып, тұрғындармен танысып, қыдырып қайттық. Ал, кешке көл маңында ерекше сайыстар өтті. Бұл экспедиция мүшелерінің бірлігін нығайта түскен күн болды.