Армысыздар, ағайын! Мен еліміздің көрікті жерлерін аралауды әдетке айналдырған жандардың бірімін. Басты мақсатым: Қазақстанның барлық аймағын көру және ерекшеліктерімен танысу. Осы уақытқа дейін түрлі экспедициялар құрамында Арал теңізі, Ұлытау, Торғай, Маңғыстау, Жетісу өңірлеріне барып үлгердім. Ол сапарларда дайындаған фоторепортаждарымды мына сілтемеге өтіп оқи аласыздар. Соңғы кезде достарым мен оқырмандарымнан саяхат барысын видеоға түсірші деген өтініш жиі келуде. Соны ескеріп, өзімнің кезекті экспедициямнан видеоблог дайындауға бел будым. Көріп, бағаларыңызды беріңіздер.
Бұл жолғы экспедиция "Алтай қазынасы" деп аталады. Оған қатысушылар Өскеменде жиналып, бір апта ішінде табиғи-тарихи нысандарға соғып, 1500 шақырым жолды жүріп өтпек. Ендеше, кеттік!