Венгриялық антрополог Андраш Биро «Әзірет Сұлтан» қорық-музейімен танысты.

Венгриялық антрополог Андраш Биро  «Әзірет Сұлтан»  қорық-музейімен танысты.
жеке
блог
 
 
«Әзірет Сұлтан» мемлекеттік тарихи-мәдени қорық-музейіне венгриялық антрополог, 
Венгрия антропологиялық институтының профессоры, Венгр-Тұран қорының төрағасы Андраш Жолт Биро келді.
Көптеген  жылдан бері қазақтар мен мажарлардың туыс­тық қарым-қа­ты­насын зерт­­теп, түркі халықтарының тарихы туралы ғылыми зерттеулермен айналысып келе жатқан əйгілі антрополог Қожа Ахмет Ясауи кесенесін аралап, «Әзірет Сұлтан» қорық-музейінің тыныс-тіршілігімен де танысты. 
Рухани байлығы, тарихи тереңдігі орасан қасиетті мекенді Түркі жұртының басын біріктірер тарихи қазына деп бағалаған Андраш Биро ғылыми бағытта Қазақстанның барлық музейлерімен байланыс орнату көптеген игі істерге жол ашқандығын жеткізді. 
Ол өз сөзінде "Мажарстандағы антрополо­гия институты – ең ірі ғылы­ми орталықтардың бір бөлігі саналса, әр ғасырға сәйкес жекелеген ұлт­тар мен ұлыстар бойынша мәлі­меттер жинақтап,  Орталық Азияның антропо­ло­гиялық базасын түзу де тарих үшін маңызды"-деп, атап өтті. 
Андраш Биро басшылығындағы орталық- "Кейкі батыр" бас сүйегін зерттеу жəне Әбілқайыр хан­ның да антропологиялық бет-әлпе­тін жасау  еңбектерімен етене таныс.
Түрркістанға жасалған іссапар барысында  "Əзірет Сұлтан" мемлекеттік тарихи-мəдени қорық музейі аумағында шоғырланған тарих тұлғалары жайында да ой бөлісті.