В.БЕЛИНСКИЙ: «ШЫҢҒЫСХАН – ЕШКІМ ЕМЕС, ҚАЗАҚ!»

Әйгілі Шыңғысхан маңғол болған емес. Осы пайымды Алтын Орда тарихының белгілі зерттеушісі, «Страна Моксель» және  «Москва Ордынская» кітаптарының ауторы Владимир Белинский ашық айтуда. Ол шын мәнінде Шыңғысхан қазақ еді және оның руы да түркітілді тайпалардың бірі дегенді алға тартады.

«Қияттар, керейттер,наймандар мен меркіттер, - бәрі де маңғолдар емес, түркітілді тайпалар болатын.Олардың қалдығы бүгінде Қытай аумағында, ал тілі – қазақ, - дейді Владимир Брониславович. – Шыңғысхан тұсында мемлекеттік тіл қазақшаға жақын бұрынғы ұйғыр тілі болды. Темуджиннің әкесі (қазақша - Теміршін) Есугей қияттарға хан болған.Анасы – Оян (Ұяң)  қазақтың қоңырат тайпасынан. Бәйбішесі – Бөрте де қазақтың қоңыратынан еді.Қағанның барлық ұлдары түркі есімдерімен аталды. Шыңғысханның өзі қазақша «күндидарлы хан» дегенді білдіреді.

Маңғолдарда сол кезде де, кәзір де мұндай есімдер атымен жоқ. «Хан» сөзі де таза түркіше, маңғолша емес. Маңғолдар өз билеушілерін «қоңтайшы» атады. Шыңғысхан кәдімгі қазақ құрылтайында сайланды. Маңғолдарда ондай сөз жоқ.Тәңірлікті ұстанған қазақтар ғана мұндай тұлғаларын беймәлім жерге жасырын түрде жерледі. Бұл турасында Алтын Ордадағы ебропалық елші Плано Карпини жазып қалдырды. Ол бұл ғұрыпты өз көзімен көріп жазған. Ол кезде маңғол тайпалары өлікті қорымға апарып ашық тастаған, жерлемеген.»

Белинский бұл деректерді орыс тарихы сол кездері орыстарды қазақтар тізе бүктіргенін, кейіннен Ресей империясына сол үшін өз еріктерімен кіріп, сол үшін орыс патшаларына бағынғанын тасада ұстау үшін жасырды деген пікірде. Сол себепті барлық даңқты отарлаушылар шалғайдағы беймәлім маңғолдарға бере салған.

«Шыңғысханның қазақ екендігін мойындау таяу уақытта шешіледі, - деп болжайды Белинский. – Қазақстан әзірге бұл жөнінде өз саясаты бар және тарихи әфсананы бергісі келмейтін Ресей мен Қытайға алаңдаулы.

АРМАН ШОРА фейспарағынан қазақшаланды



Бөлісу: