"Валентиндік махаббат"
жеке
блог
блог
Ай, қазағым, қайда кетіп барасың?
Саналылар құлақ салып қарасын.
Өзге діннің өзеуреген дәстүрі,
Жаулап алған жастарымыз санасын.
Жүрекшелер қызыл-жасыл жайқалған,
"Валентиндік" базарлықтар байқалған.
Бір-ақ күннің қызығына батам деп,
Талай ғұмыр, талай тағдыр шайқалған.
Махаббат - ол ұлы сезім, жас арман,
Махаббатпен қам көңілдер жасарған.
"Валентиндік махаббаттың" кесірі,
Елімізде талай аборт жасалған.
Ынтызарлық, құмарлықты қоздырған,
Ата-баба салт-дәстүрін тоздырған.
Ашу кернеп, намыс билеп бойымды,
Ар өлеңін амалсыздан жаздырған.