Үзіле кетсем...

Үзіле кетсем...
жеке
блог

Теңізге терең батқым келеді,

Мұз болып сонда қатқым келеді.

Көрінер көзге, бірақ қол жетпес,

Теңіз тасы боп жатқым келеді...

 

Ақ таңды күткім келмейді тағы,

Мен бірі болдым сынғандар сағы.

Қарашық көріп тұрғанмен бәрін,

Қарайып барад көзімнің ағы...

 

Күнменен бірге батқым келеді,

Күн нұры болып қатқым келеді.

Күн шығар, батар, ал, бірақ та мен,

Топыраққа сіңіп жатқым келеді...

 

Көзімді жұмып, ашқым келмейді,

Сәтсіз қадамды басқым келмейді.

Айналып мені жүретін мұңнан,

Тағы да, тағы... қашқым келмейді...

 

Жапырақ болып үзілгім келеді,

Содан соң барып, көз ілгім келеді...

Әлсіз екенмін... менен де анау,

Жапырақ, сірә, төзімді келеді...

 

Күзімде келгем,күзімде кетсем,

Күз желі сипап жүзімді өтсе...

Жапырақтардың ішінде жатам,

Кенеттен... мен де үзіле кетсем...