Үздік пікір иесі анықталды
блог
16-23 мамыр аралығында суреттерге пікір жазу арқылы үздікті анықтаймыз, үздік пікір иесі атану үшін:
– Мына суреттерге тақырып қойып немесе бірнеше сөйлеммен түсінік беріңіз;
– Пікір мағынасы терең, тілі шұрайлы, грамматикалық қателіктерге жол берілмей, сауатты жазылуына мән береміз;
– Қорытындыны 23 мамыр күні редакция алқасы шығарады деген едік.
Өте жақсы пікір көп жазылғандықтан, редакция алқасы бірнеше үздік пікір иесін анықтаймыз деп шешті.
1. "Махаббат жіп тәрізді, орала-орала ешкім шеше алмайтын әдемі сезімге айналады".
Galymzhan Myrkadyrov
2. "Соғыс біреулер үшін тиімді". Айкона Н
3. "Арудың өміріндегі кемелер". Інжу Дулат
4. "Бойы болғанымен..." Әсел Нұрланқызы
5. "Таңдау көп, бірақ жүрекке жақыны жоқ". Айкона Н
6. "Керуеннің қилы жолы". Естен Ербол
7. «Ақпарат пен адам» — Адамды арбаған ақпарат заманы-ай... Алысуға да әлім жоқ... Бәрібір жеңесің... Мақпал Құрбанқызы
Екі пікірі бірдей үздік атанған Айкона Н атты блогерімізге М.Әуезов театрына екі билет ұсынамыз. Барша атсалысқан оқырманға алғыс айтамыз!