Ұзақ уақыт бойы хабарласпаған досқа арнау
блог
Достым, сен алаңдама, сенің маған хабарласпай қоюыңа, менің саған хабарласпай қоюыма біздегі достық сезімнің өзгеруі кінәлі емес, қайта біздің өмір сүру ортамыздың өзгергені себеп болды. Тек қана біздің бір кездері дос болғанымыз есімізден көтеріліп кетпесе екен деп тілеймін! Біз үнемі бір-біріміздің жанымызда жүре бермейміз, қазір тіпті СМС жазу деген атымен жоғалған. Әр кім өз басындағы қуанышы мен қайғысын бірінші болып сенімен бөлісуге мұршасы жоқ, жүректегі достық сезім салқын тартып қалған тәрізді. Біз бірге ас іше алмаймыз, бірге қалжың айтып, жадырай күле алмаймыз, тіпті бұрынғы өз армандарымыз бен қиялдарымыздың әлемінен қашқын болып жүрген сияқтымыз. Сол сезімдердіге бетпе-бет келген кезде жерге кіріп кетердей болып ұялып кетеміз. Барлығымыздың өз тағдырымыз бар, жаңа ортамыз бар, жаңа достарымыз бар, мүлде жаңа жұмыстарға жегіліп, бейтаныс адамдар қасымызда жүреді. Олар біздің жаңа қуаныштарымыз бен жаңа қайғыларымызды бөлісіп, ортақтасады.
Кейде, жалғыз қалғанда сол баяғы достарыңды сағынасың, кейде тіпті үйдегі қоқыстар арасында жатқан кішкентай, кір басқан сыйлықтар да сол бір үзік-үзік елестерді ойға салады. Ол – дәл сенсің, бұл елестер, бұл сағыныштар сен туралы.
Бүгінгі күнде сол достардың барлығы әлемнің әр түкпірінде жүр. Бірақ, бір уақытта, бір ауамен тыныстап. Кейде ғаламтордағы жаңаланып тұратын жеке парақшаларға салынған суреттер де әрбір минуттың, әрбір достың тыныс-тіршілігінен дерек беріп жатады. Кейде бір ауыз қолтаңбадан, кейде жазылған бір блогтан оларды танып аласың.
Міне, осындай дүниелерге қарап сендердің алыс жақтарда, жақсы үстіне жақсы бола түсіп, бақытты болған үстіне бақытты болып жүргендеріңді көремін!
Достым, егер күндердің күнінде жолымыз түсіп жүздесу бұйырса немесе оқиаттан көлік кептелісінде мәшине тізгінінде отырып, әуежайда асығып бара жатып ұшырасып қалсақ сол баяғы сезімдер лап етіп жүректе жана кетеді.
Достым, жүзесіп жатсақ тосырқама, есіңде болсын бәрі өзгерген жоқ!
Біздің қастерлеуге тиісті сезімдеріміз әлі сол күйінде жүректің түкпірінде жатыр. Достарымды, шын достарымды сағындым!