Ұзақ өмір сүрудің сырын Кармело Флорес есімді фермер ашты...
блог
Кармело Флорес есімді фермер әлі күнге алабота, саңырауқұлақ, коки ағашының жапырағын жейтін көрінеді.
Ұзақ өмір сүруші төрт мың метр биіктікте орналасқан таудағы ағаш басындағы сабаннан жасалған шатыры бар лашықта тұрады. Флорес дәстүрлі диетаның Анд тұрғындарына көп жасауға көмектесетініне сенімді.
Сондай-ақ, ол күріш пен алаботаға картоп қосып пісірілген ботқаны ұнататын көрінеді. Жүзден асса да, қария әлі тың. Денсаулығы да әлі жаяу серуендеуге жарайды.
Флорес Боливия мен Парагвай арасында 1932-1935 жылдары орын алған Чак соғысына қатысқанынмын дейді. Алайда, қазір Кармелоның ауылдастарының бәрі дерлік бұл өмірде жоқ.
Ал балаларының арасынан тек 67 жастағы ұлы Сесилионың ғана көзі бар. Боливиялықтың нақты дүниеге келген күні белгісіз. 1940 жылы тіркелген құжат бойынша ол 1890 жылдың 16 шілдесінде туған.