Ұзақ өмір сүрудің құпиясы 2

Ұзақ өмір сүрудің құпиясы 2
жеке
блог
  1. Бөгіп қалмаңыз. Нақтылап айтқанда тамақты көп жемеңіз және үнемі өзіңіздің салмағын бақылап отырыңыз. Норвегиялық ғалымдар семіздік адам өмірін 4-8 жылға қысқаратынын анықтаған. Айтпақшы, олардың жүргізген зерттеулері  инфаркт пен инсульт семіз адамдар үшін қауіп төндіреді деген пікірді жоққа шығарып отыр. Олардың мәлімдеуінше, жүрек-қан тамыр ауруларына тез азатын адамдар шалдығады екен. Дәрігерлердің айтуынша егер адам дене жаттығуларымен немесе кәсіптік спортпен шұғылданбаса 40 жастан асқан әйелдер күніне 1500-1700 килокалория, ал ер адамдар 1800-2000 килокалория азық-түлікпен тамақтанады. Есіңізде болсын, адамның жасы ұлғайған сайын калорияны азайтып отыру қажет.                                                   
  2. Жұмыс істеңіз. Мүлдем құмыс істемейтін адамдар құрбы-құрдастарынан 5 жасқа үлкен көрінеді екен. Зейнетке шығу да адам өмірінің тағы да қысқаруына себеп болады дейді. Олар 17 000 грек азаматымен зерттеу жүргізгенде ерте жұмыс тастау жүрек-қан тамыр ауруларының қаупін арттыратынын анықтаған.                                                                                                                   Немере бағу, дала жұмыстары, сондай-ақ өлең жаттау, кроссвордтар шешу, шет тілін үйрену денсаулыққа өте пайдалы.
  3. Қуаныңыз. Оптимистер пессимистерге қарағанда көбірек өмір сүреді екен. Мұны Колумбия университетінің ғалымдары да дәлелдеген. 10 жыл бойы 862 ер адам 877 әйелді бақылаған ғалымдардың айтуынша, жақсы көңіл-күй жүрек ауруларының алдын алады екен.                            Қөңіл-күйдің қалай болуы өзімізге байланысты. Әр түрлі жағдайда мәселенің жақсы жағын көре біліңіз. Сонда өкінбейсіз.                    
  4. Көбірек қимылдаңыз. Тіпті бірнеше минут дене тәрбиесімен шұғылдану немесе жаяу жүру де өмірді ұзартады екен. Дене тәрбиесімен шұғылданатын адамдар аз қимылдайтын құрбы-құрдастарына қарағанда биологиялық жағынан 10 жылға жас көрінеді. Мұны Лондондағы Корольдік колледжінің мамандары анықтаған. Олар 2401 жұп егізді үйренген. Зерттеудің қатысушылары анкетада аптасына неше сағат дене еңбегімен құғылдануын көрсеткен. Сосын дәрігерлер қан анализін алып, теломерлердің ұзындығын өлшеген. (Теломерлер-жасуша хромосомалардың соңғы ферменттері болып, жасуша көбейгенде қысқарады.) Адам теломерлері қаншалықты қысқа болса, адам соншама ұлғаяды. Осылайша аптасына 16 минут қимыл жасағандардың теломерлері аптасына 3,5 сағат жаттығу жасайтындарға қарағанда 10 жылға үлкен болып шыққан.
  5. Түскі тамақтан соң ұйықтаңыз. Түскі тамақтан соң 20-90 минут ұйықтау ми мен басқа жүйелердің қызметін тіктейді. Бұл ең алдымен қысқа мерзімді зердеге тиісті. Ұйқы кезінде ми ең соңғы түскен шала мәліметтерді жедел түрде реттейді. Түске дейін қабылдаған мәліметтер  өзінің орнын тапқан соң ми жаңа мәліметтерге дайын тұрады. Оны дәлелдеу үшін Беркли-Калифорния университетінің дәрігерлері 39 адамға зерттеу жүргізген.                                                                     Егер түскі тамақтан соң ұйықтаудың лажы болмаса, ең болмағанда ой еңбегімен шұғылданбай тұрыңыз.                                                                                                                                             Баршаңызға ұзақ әрі өзендей өмір, көлдей көңіл тілеймін!