Үйім-салоным:Үй жағдайында бет терісін қара дақтар мен безеуден тазартқан дұрыс па?
блог
Өтпелі жаста (переходной возраст) гармональды өзгерістерге байланысты менің сырт келбетімде өзгерістер байқалды.Соның бірі,бет терісінің майланып,безеу мен қара дақтардың пайда бола бастауы.Ең алғашқы жылы арнайы,дерматологқа барып,арнайы дәрімен бетімді сүрттім..НӘТИЖЕСІ БОЛМАДЫ.Кейін, атышулы"ЗИНЕРИТ"тіде,түрлі скраб гельдерді де байқап көрдім,өкінішке орай,күткендей нәтиже болмады.Амалсызда,халық медицинасын да қолданып көруді жөн санадым.Ең алдымен "дегтярное" сабынымен бетімді жудым.Екі жыл дегенде,бетімнің тазарғанын байқадым.Дегтярное сабыны бетті құрғадаты,ал құрғақ тері безеуге бейім емес ті.Мұрынымдағы майлылық пен қара дақтан арылу үшін желлатин мен судың қосындысынан жасалған масканың әсерін бірден байқадым.Уақыт өткен соң.бетімде безеудің алдын алу үшін бетімен гельмен ас содасының қоспасын жағып,құрғаттым.Жаз бойы орындап,жаңа оқу жылына "жаңа өзгерістер"мен келдім.Айта кету керек,маңдайымда безеудің бар болғандығынан кекілмен жүретінмін (кекілден ауа өтпей,тері де майланатын) ал қазір маңдайымды жарқытарып,өз бетімнен ұялмаймын.Ал сіздер үй жағдайында орындалатын осындай процедураларды білесіздер ме?Нәтижелі болды ма?