Үйлену оңай,үй болу қиын.
блог
Бұл өлең шумақтарын негізі мен жұмыстасым мен оның жолдасына аранаған ем. Сіздермен бөліскім келді. Барлық отбасына бақыт тілеймін.
......... Бүгін міне жігіт болып,
Екеу болып үйленіп.
Семья құрып,
Отау тігіп,
Жас жұбайлық күйге еніп.
Оңай болар үйленуің,
Бірақ қиын үй болу.
Жүрме кейін,
Жарын балаң,
Бәріненде жиреніп.
Айтатыным,
Аялай біл,
Бағалай біл жарыңды.
Аяма одан,
Қолдан келген
Жақсылығың барыңды.
Олда жауап қайтарады,
Сенің ізгі ісіңе,
Кейде жарың көтереді
Абыройыңды бағыңды.
Ал, ......!
Құтты болсын,
Мықты болсын қадамың.
Тәтті болсын,
Сәтті болсын,
Таңдап тапқан адамың.
Оңай болмас жатқа барып,
Жақын болып жарасу,
Ақ тілеуім алға басып
Бақытты бол әрқашан.
Енді айтарым,
Адалдыққа , махаббатқа
Берік бол.
Жұбайыңа қамқоршы бол
Жәрдемші бол
Серік бол.
Деген бар ғой,
Құт кіреді аяғымен келіннің,
Барған жерге ...
Бақыт боп кір,
Ырыс боп кір,
Құт боп кір.
(көп түкте қойылған жерлерге адамның есімдері жазылады.) Сурет жай қазақ эстрада әншісінің мұрағатынан алынған.