Ұйқым келмейді..

Ұйқым келмейді..
жеке
блог

Өзімді жаман сезінген кезде немесе біреуден жәбір көрген кезде жазғыш боп кететінімді байқап жүрмін. Иа, иа, достарыма, жақындарыма айтсам да ішімдегі бір нәрсе таусылар емес.... Ал ол кетпей менің ұйқымда келер емес... 

"Адам неден қорықса сол болады" дейді, осы түсініктің дұрыстығы ол-  адамның ойының заттанатындығы. Қанша мен дайынмын, мен мықтымын десең де сол сәтте өзіңде бір әлсіздіктің сені билеп тұрғанын байқайсың... Иа, мен әлсізбін деп мойындағым келеді кейде, бірақ, менің көкірегім, мен-мендігім оған жол бермейді... 

Бірінші рет мен қатты ашуланып тұрсам да сабырлық сақтадым, иа себебі мен кінәлі емеспін және мен ұрлықшы емеспін. Мен тек бар нәрсені көруші, сараптаушы, армандаушы, бәр нәрсеге ұмтылушымын... Кейде адамдарға асықпай ойымды ашып айтып түсіндіргім келеді, бірақ ол сәт әлі тумады деп артқа сыдыра берем де ол күйдің маңызды санамай қалам... Немесе адамдарға оны түсіндіріп әуре болмай-ақ қоюға болады. Себебі олар түсінбейді... 

Сонан соң байқағаным, мен ылғи адамдарға реніштерімді айтам, былайша айтқанда жамандаймын көңілім толмайтынын айта береді екем... Іштегі нәрсе бәрібір іште қалады, сен оны өзгерткің келіп көрсетсеңде ол сол қалпы шығады....