Ұйқыдан тұра салысымен түскі асын ішетіндер, төмендегі мен дайындаған бешбармақтан дәм татыңыздар!!!
11 жыл бойы тынбай оқып, ізденіп, физикадан ғылыми жоба қорғап, химия пәнінен біршама сәтті тәжірибелер жасаған әрбір 2-ші оқушы ҰБТ-да география пәнін таңдайды.
* * *
Жемқорлар да халық үшін "жұмыс жасайды": Жемқорлардың арқасында қай салаға ақша бөлінгендігін біліп отырамыз (КТК-дан).
* * *
К-поперлердің тым көбейіп кетуінен, Қазақстанда иттер саны күрт азаюда...
* * *
Бала кезінде "өскенде БАСтық боламын" дегендер, бүгінгі күні шынында да мемлекет ақшасын БАСып, БАСып қалуда.
* * *
"Қазақ-анадай, қазақ-мұнадай" дейтіндер қазекеңдер, тек сана бітпеген хайуан ғана өзін айнадан тани алмайды.
* * *
Әлемде бір-біріне 100% ұқсайтын бірде-бір жапырақ, бірде-бір құм түйіршігі жоқ. Есесіне жігіттер бар (қыздардың ойынша)
* * *
Біз Көк-Бөрілерміз - қайсармыз, күштіміз, рухымыз биік. Өкініштісі, тобыр-тобыр (ру-ру) болып бөлініп жүреміз.
* * *
Көкек-өз есімін атайтын жалғыз құс. Егер қазақ халқы қарғаны "қарқ" деп атағанда, ол да солай атанар еді.
* * *
Қазақ жігіттері өте қоғамшыл: өз-өзін өртеп жатқан досын видеоға түсіріп, ғаламторға жіберіп, "қалай құтқарсақ болады?" деп сұрай алады.
* * *
-Анашым, сіз неге к-попер емессіз???
-Қызым, менің иттің ЕТІНЕ аллергиям бар...
Бұл(бешбармақ)-осы сөздерден өз-өзін танығандар үшін ащы шындық (дұрыс піспеген...), ал осы сөздерге қатысы жоқтар үшін жай ғана сарказм немесе әзіл (анамның бешбармағы).
Авторы: Атаханов Бөріхан