Ұйқыдан қалай қашасыз?

Адам өмірдің үштен бір бөлігін ұйқымен өткізеді. Сау адам тәуліктің  8 сағатын ұйқыға арнауы тиіс – дейді мамандар. Алайда, қазіргі тез дамып келе жатқан заманда біздің қоғам жұмыс, ақша туралы ойлап, өздерінің  денсаулығын ұмытып, көбінесе ұйқыны құрбан етеді. Әсіресе, студенттер сабақтаға, емтихандарға түнімен дайындалады, ал таңертенгісімен шаршап, ұйқышыл болып отырады. Немесе, түскі ас ішкеннен кейін көзіміз ауырып, көк желкеміз құрысып әрең шыдаймыз. Осындай жағдайларда кейде кофе ішкені де пайдасыз болады.

Сонда қалай күш-қуатын қалпына келтіруге болады?

Ғылымдардың айтуы бойынша “napping” (ағл) – “қысқа ұйқы” адамның сергектігін нығайтады және де мидің ішінде жиналған ақпаратты сақтауға, бөлуге көмектеседі. Анатомия тілімен түсіндірсек, мидің гиппокамп аймағында алдын ала жаттап алған материал тек қысқа уақытқа сақталады, ал 10-15 минут ұйқының ішінде ұзақ жады ұстайтын бөліміне жіберіледі. 

Негізінде, ұйқының  5 кезеңдері бар: 1 кезең - Ұйқылы-ояу; 2 кезең - Жеңіл ұйқы; 3 кезең - Баяу ұйқы; 4 кезең - Ең терең ұйқы; 5 кезең - Жылдам ұйқы. Осылайша, 1-ші кезеңнің қысқа ұйқысы миіміздің гиппокамп аймағын жаңа ақпаратқа босатып дайындайды.

Осындай ұйқының пайдасын байқаған Warwick University (Ұлыбритания), Wesleyan University (АҚШ) және де Google, Procter & Gamble компаниялар өз кеңселерде EnergyPod аталған демалатын орындарды орнатылған екен.

Ұйқы — тынықтырады, Жұмыс — шынықтырады дегендей, ұйқыларыңыз жайлы болсын, жұмыстарыңыз оңға бассын!



Бөлісу: