Ұйқы себеп болған ірі апаттар

Ұйқы себеп болған ірі апаттар
жеке
блог

Ұйқысыз өткен түннен соң таң ертең жұмысқа келу, қандай кісінің болмасын жүйкесін жұқартары анық . Күн жарымына келмей ақ оның буыны әлсіреп, айналасындағы болып жатқан оқиғаларды аңғара алмайтын күйге түседі. Көздері бұйымдарды тезде айыра алмайды, ми болса бұл стресстен шығып кету жолдарын іздей бастайды немесе жұмысын тоқтатады, дене болса тек бір ғана нәрсені — созылып ұйықтауды қалайды. Офистерде істейтін қызыметкерлерді бұл жағыдайда көрсен күлкілі әрине, бірақ сөз жауапкершілігі мол қызыметкерлер туралы болса, онда ешқандай әзіл көңілге сыймасы анық. Сондай қызыметкерлердің ұйқысыз жағыдайда жұмыс орнына келуі үлкен апаттарға себеп болуы мүмкін. Біз блогымызда ұйқы себепті адамзат басына түскен ең ірі апаттар туралы айтып өтеміз:

Эксон Вальдез кемесінің апаты

1989 жылы Эксон Вальдез танкерінің Аляска жағалауында батып қалуы нәтижесінде кемедегі нефть мұхит суына ағып кетеді. Нәтижесінде тарихта екінші рет осында апат орын алады. Апат себебі, жүк тасымалы компаниясы басшылары осы танкерден біраз уақыт бұрын компаниядағы жұмысшылары санын азайтқанынан келіп шығады. Қалған жұмысшылар болса бір сменада 14 сағаттап жұмыс істеуге мәжбүр болған. 

Сол күні капитан жәрдемшілерінің бірі жұмыс уақытында ұйықтап қалады және апат туралы дер кезінде орталыққа хабар берілмейді. Нәтижесінде 11000000 галлон нефт ашық мұхитқа ағып кетеді.

Чернобыль

Чернобыль оқиғасы адамзат тарихындағы ең ірі ядро апаты саналады. Электростанциядағы реакторлардың жарылысы техник қателік нәтижесінде орын алған. Бірақ апатты мұқият зерттеген мамандар пікірінше, егер тиісті мамандар өз уақытында шара көргенінде апаттың алдын алу мүмкін болған. Сол апат болатын күні мамандар 13 сағат жұмыс істеген және қатты шаршаудан реакторлардағы температураның мөлшерінен асып кеткендігіне мән бермеген.

Три-Майл-Айленд

Три-Майл-Айлендта болған ядро апаты Солтүстік Америкадағы ең ірі апаттар қатарында. 1979 жылдың 28 наурызында сағат таңғы төрттер шамасында жарылыстар бастау алады. Алып барылған тексерулер нәтижесі, апат болған күні бүтін бір кезекшілер бөлімі ұйықтап қалған және дер кезінде қауіпсіздік шараларын көрмеген.

 American Airlines 1420 рейсі

1999 жыл 1 июнь. “American Airlines” команиясының 1420 рейсі Литл-Рок қаласына апатты жағыдайда қонады. Нәтижесінде 11 кісі қаза табады, 105 жолаушы түрлі дәрежедегі тән жарақаттарын алады. Авиаапат нәтижесін тексеруші комитеттің анықтауынша, апат ұшқыштың қону уақытында ұйықтап қалғаны болған.  

Канада ұлттық темір жолындағы апат

2001 жылы 15 ноябрьде Канаданың екі жүк тасушы поезы бір-біріне соқтығысуы нәтижесінде 3000 литр дизель жанармайы ағып кетеді. Жүк поездарының бірінің екі қызыметкері ұйқысыздықтан қиналған және апаттан бірнеше минут алдын ұйықтап қалған. Бұл қорытындыны Канада Ұлттық транспорт қауіпсіздігі кеңесі бекіткен.

Air France Flight 447

2009 жылы 31 май күні Атлантика океаны төбесінде Air France Flight 447 рейсінің апатқа ұшырауы себепті, бортдағы 228 жолаушының бәрі қаза болған. Іздеу жұмыстарының ресми есебі бойынша, ұшушы Марк апаттан бір күн алдын бар жоғы бірақ сағат ұйықтаған екен.  Ұшақ  тропик боранға кезікке уақытта, ұшқыш ұйқыда болған.

Spuyten Duyvil бекетіндегі метро поездының апаты 

Метро поездын басқарушы машинист тоқтау бекетіне жақын маңайда ұйықтап қалады.  Тоқтатып болмайтын дәрежеде бекетке келген поезд рельстен шығып кетеді. 4 кісі қайтыс болады және 61 кісі түрлі дәрежедегі тән жарақаттарын алады. Анықталуынша  машинист ұйқысыздық дертіне шалдыққан екен.

Сэлби поездының апаты

2001 жылы 28 ақпанда Ұлы Британияда аса ірі теміржол апаты болады. Ұйықтап қалған машинист төмен қарай құлдилаған уақытта тормоз баспағаны үшін поезд Сэлби қаласында рельстен шығып кетеді.  

Көлік басқаруында ұйықтап қалу

Статистика бойынша көлік басқаруында ұйықтап қалу нәтижесінде, әлемде әр жылы  100 мыңға жуық апат орын алады екен. Апаттың  20 пайызы кісі өлімімен аяқталады.