Ұйқы-жасөспірімдер үшін қаншалықты маңызды?

Ұйқы-жасөспірімдер үшін қаншалықты маңызды?

Жасөспірімдік кезең – қалыптасу кезеңі. Бұл аралықта ми мен дене айтарлықтай дамудан өтеді. Ал ересек өмірге көшу эмоцияларға, әлеуметтік және отбасылық өмірге, оқуға әсер ететін маңызды өзгерістерді әкеледі. Алайда, зерттеулерге сүйенетін болсақ, көптеген жасөспірімдер қажет болғаннан әлдеқайда аз ұйықтайды.

Ұлттық ұйқы қоры мен американдық ұйқы академиясы жасөспірімдерге күніне 8-ден 10 сағатқа дейінгі мөлшерде ұйықы қажет екендігін айтады. Ұсынылған ұйқының осы мөлшерін алу жасөспірімдердің физикалық денсаулығын, эмоционалдық әл-ауқатын және мектептегі үлгерімін сақтауына көмектеседі.

Неліктен жасөспірімдер үшін ұйқы маңызды? 

Ұйқы тек жасөспірімдер үшін ғана емес, кез-келген жастағы адамдар үшін өте маңызды. Себебі сапалы ұйқы өмірдің барлық саласына өз әсерін тигізеді.

Ойлау және академиялық жетістік үшін:

Ұйқы миға пайдалы әсер етіп қана қоймай зейінді, есте сақтауды және аналитикалық ойлауды дамытуға ықпал етеді. Бұл білімді бекіту мен ойлауды өткір етуге өз көмегін тигізеді.

Эмоционалды денсаулық үшін:

Көптеген адамдар ұйқының көңіл-күйге қалай әсер ететіндігі мен тітіркенуді және шамадан тыс эмоционалды реакциялардың пайда болуына ықпал ететіндігін біле бермейді. Уақыт өте келе, оның салдары үлкен жаңа әлеуметтік қарым-қатынастарға бейімделетін жасөспірімдер үшін ауыр болуы мүмкін.

Физикалық даму мен денсаулық үшін:

Ұйқы - дененің барлық дерлік жүйелерінің тиімді жұмыс істеуіне ықпал етеді. Ол иммундық жүйені нығайтады, гормондарды реттеуге көмектеседі, бұлшықеттер мен тіндердің қалпына келуіне өз септігін тигізеді.

Неліктен жасөспірімдер қажетті мөлшерде ұйықтамайды?

 Жасөспірімдер арасында ұйқының бұзылуының нақты бір себебі жоқ. Бұл мәселеге бірнеше факторлар ықпал етеді:

Шектеулі уақыт.

 Жасөспірімдердің қолдары жиі бос болмайды. Мектептегі тапсырмалар, үй жұмыстары, қоғамдық өмір, жұмыстар және спорт олардың уақытын және назарын қажет етеді. Күн сайын көп нәрсемен айналысу керек, сондықтан көптеген жасөспірімдер жеткілікті мөлшерде ұйықтамайды.

Электрондық құрылғыларды пайдалану.

 Кешке дейін экран алдында отыруға кететін уақыт ұйқының бұзылуына ықпал етуі мүмкін. Бұл құрылғыларды пайдалану жасөспірімдердің миын сергек күйде ұстауға мүмкіндік береді, ал күнделікті хабарландырулар ұйқының бұзылуына әкеліп соқтырады. Сондай-ақ, ғылыми мәліметтерге сүйентін болсақ, ұялы телефондардың сәулесінің әсерінен мелатониннің (ұйқы гармоны) өндірісі бәсеңдейді.

Психикалық денсаулықтың бұзылуы.

 Мазасыздық пен депрессия сияқты психиатриялық бұзылулар жасөспірімдерде де, ересектерде де сапалы ұйқының болмауына әсер ететін проблема болып табылады. Ұйқының жеткіліксіз мөлшері ұйқыны да, эмоционалдық әл-ауқатты да нашарлатады. Бұл әлеуметтік өмірге өз әсерін тигізуі мүмкін.

Жасөспірімдер ұйқысын қалай жақсарта алады?

-Күнделікті кестеңізге сегіз сағаттық ұйқыны қосыңыз және жұмыс күндері де, демалыс күндері де бірдей осы қағиданы ұстаныңыз.

Тұрақты ұйықтау алдында дененің босаңсуы мен мидың демалуына ықпал ететін әдет қалыптастырыңыз. Кітап оқу, медитация немесе күнделікті спорт секілді әдеттер. Бұл организмнің тез ұйықтауына көмектеседі.

-Құрамында кофеин бар сусындар мен энергетикалық сұйықтықтардан аулақ болыңыз. Себебі олар эндорфиндердің қалыптасуына ықпал етіп, миды сергек күйде ұстап тұрады.

-Ұйықтар алдында электрондық құрылғыларды кем дегенде жарты сағат бұрын өзіңізден аулақ қойып, түнде тексермеу үшін оларды дыбыссыз режимге қойыңыз.

-Жатын бөлмеңізді салқын, қараңғы және тыныш күйде ұстаңыз.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 



Бөлісу: