Ағам екеуміз бірге туылғанымызбен аз ғана уақыт қана бірге тұрдық. Ағам атамдарға табиғи болды да бізді мүлдем мойындамайтын. Сондықтанда мен үйде жалғыз қыз боп өстім.
Бала күнімде екеуміз екі үш жыл ғана бірге тұрғанбыз. Мен қыз бала болғандықтан ол ойындарына мені қосқысы келмейтін, мен соған бақырып жылап папамдарға шағымдана беретінмін. Мамамдар қонаққа кетіп қалғанда, ол "ақ адамдар" жайлы көп әңгіме айтып мені қорқытатын. Бірдеме тысыр етсе қорыққаным сонша оның қасына жатып алатынмын. Әлі күнге дейін сол қорқыныш үйде жалғыз қалғанда белең алады. Бірге ойнаған кезде күшті ойнайтынбыз, бірде шөптің престерінен үй жасап алып, күні бойы сонда ойнаған кездер болатын. Мамамдар үйге кіргізе алмайтын бізді, далада қонамыз өз үйімізде қонамыз деп соғысатынбыз. ол кезде ол 7 сыныпта, мен 3 сыныпта оқитынмын. Содан кейн ол апамдарға мүлдем кетіп қалды...
Қазір оның үш ұлы бар. Бізден әлі де алыс. Папам кейде атамдарға бергеніне өкінеді де...
Жақында ол біздің үйге көшіп келді. Осы уақытқа шейін мен туысқан әпкеммен тұрып үйреніп қалыппын. Өзім би, өзім қожа болып...Жиналған жерім ешқашан шашылмай, реттілікке үйреніп алыппын. Ал оны ұлдары қазір жинап қойсаң қазір шашып кетеді :) Қызық, тамақ ішкенде де улап- шулап ішеміз. Бір түрлі үйде жылып қалған сияқты.
Мені енді үйде "тәтелеп" күтетін інілерім бар, бөлмем астан- кестен шашылып жатуы да мүмкін. Бірақ мен соған қуаныштымын. Папамда звондаған сайын "бөлтіріктерім не істеп жатыр?" деп қуанып отырады. Мамамда:"сен ұрсып қойма, олар сенің інілерің заттарыңды құртса жаңасын аларсын енді"- деп ақтаған боп қояды.
Солай, аздаған қуанышқа ие боп қалдым :)