Ұялы телефондағы диалог:
-Да?
-Алло?
-Иа?
-Сәлем?!
-Сәлем!
-Қалайсың? Таныдыңба?
-Жақсы, иа! Тыныштықпа?
-Иа, тыныштық.
-Неге хабарласып тұрсыз?
-Хәліңді білейін деп... қайдасың?
-Жақсы хәлім, уайымдамаңыз! Алматыда.
-Менде Алматыда. Не жаңалық? Қандай өзгеріс? Жолыға аламыз ба?
-Не үшін?
-Сөйлесуіміз керек!
-Не жайлы?
-Жолыққанда білесің...
-Мен жолыққым келіп тұрған жоқ...
-Айында жылында бір келгенде қалаға, сонша сағынбайсыңда ма?
-...
-Мен қайта кетемін жұмысқа ертең, жолығайық?!
-Жоқ.
-Сені кеше көрдім,жолдан.
-ммм...
-Сені сонша өзгерткен Сол ма?
- не сол?
-857...
-Жоқ!
- Енді?
-Жүрегім тасқа айналып кеткен шығар... Сізді көргім келмейді, мен мектеп оқушысы емеспін ғой баяғы...
- Мен саған қолымның ұшын да тигізбей сыйлап, сақтап...
- Мен сізге зат емеспін сақтап қоятын!
-Өзгеріпсің, маған қарсы сөйлеме!
-Сау болыңыз!
-Тоқта, жолығайық! Мен үйленбедім оған...
- Мен кедергі болмап едім ғой...
-Иа, бірақ жүрек...
-Менен кеткен кінә барма? Кешіріңіз!
-Жоқ! Мені білесің ғой... Сен есейсін дедім...жо-жоқ, сен тәкаппар болдың, мен бір үйдің жалғызы оны көтере алмадым... Ол мен үшін бәрін жасады, түсінші... Бағалысың!
-Сіз үшін бәрін жасаған адамды бағалаңыз... бірнеше жыл соның жанында болдыңыз емес пе?! Бірнеше жыл, жоқ 3-4 жыл басқамен жүріп, мені мүлдем іздемей...
-Іздедім ғой...
-Қойш, ештеңе айтқым келмейді...
-Сен үндеме,өлең сөйлесін
-Мен жазбаймын қазір өлең!
-Қашаннан бері?
-Наурыздан бері шығар, білмеймін, әйтеуір жазып жүргем жоқ!
-... Ол сезім өшті деген сөз ба?
-Иа!
-Қалайша?
-Енді... маған өкпеңіз жоқ шығар... Бірнеше жыл бойы... біраз өлең шығаруыма себеп болғаныңыз үшін рахмет!
- "Мен сені сүйеді екем, түндерде ұйқтай алмай..."
- "Күзгі дауыл соғады сұрамайды, бұл қоштасу маған да ұнамайды..."
-"Сені ғана аялап құшқым келеді..."
-Бұрынғы әндер, мектеп кезінде айтушы едік...
-Ұмытпапсың ғой сенде...
- Сізде ұмытпапсыз!
- Я буду тебя любить даже когда я буду на небе...
-Ең алғаш айтып берген әніңіз...2010 жылы 10-шы қазанда. Жарайды,мен тұрмысқа шығамын... мазаламағаның дұрыс!
-Бұл қай сөзің?
-Бұл нақты шешімім!
-...........Келеді балғын бейнең көз алдыма
Аттаған ақ босағаң базарлыма сәулем...
Бояуы гүл дәуреннің солғын тартып
Қып-қызыл орамалың бозардыма сәулем...
Алаулы таңдарым едің,
Аяулы арманым едім,
Өзіңе сағыныш сазын
Арнадым дедім сәулем...