XXI ғасыр – компьютер ғасыры. Қазіргі уақыт – жаңарған және ақпараттандырылған технологияның шарықтап тұрған уақыты. Әрине, бұндай мезетте, жаңа заманның жаңашыл талаптарына да адамзат көштен қалмай еріп келе жатыр. Ұялы телефон, компьютерсіз бүгінгі ғасырды елестету мүмкін емес. Технологияның осындай ірі жетістіктерінің мол сұранысқа ие болуы – ұялы байланыссыз қарым-қатынас жасау мүмкіндігінің болмауына әкеліп соқтыруда.
Айшылық алыс жерлерден, көзді ашып-жұмғанша, жылдам хабар алғызатын ұялы желілерсіз қарым-қатынас орнату тіпті мүмкін еместей. Себебі, барлығы осы алақандай дүниелермен тығыз байланысты болып келеді. Сан-қилы интернет сайттары, әлеуметтік желілер қазіргі таңда қалаған адамыңмен танысып, білісіп, қарым-қатынас орнату ошағына айналып отыр.
Ұялы телефон қазіргі таңда әрбір адамның күнделікті өмірде қолданып жүрген үйреншікті затына айналған. Ұялы телефонның дамып кеткені соншалықты, кез - келген адам ұялы телефонсыз жүре алмайды деп те айтуға болады. Жұмыста, сабақта, серуендеп жүрсе де адам үшін қажетті затқа айналған.
Ерте кездерде ешқандай желілерсіз, ұялы байланыссыз ақ адамдар бір-бірімен қарым-қатынас орнатқан болар, алайда, жанданған заманның келбеті – ақпараттық технология болғандықтан, күні бүгін ұялы байланыссыз қарым-қатынас жасау мүмкіндігі болмайды. Телефонсыз адамның болмауы, әлдене қажет болған жағдайда бірден ұялы құрылғыны қолымызға алуымыз, тіпті, сабаққа қажетті әр түрлі мәліметтерді кітап беттерін парақтап емес, бірден интернет парақтарынан іздеуіміздің бәрі-бәрі ұялы байланыссыз қарым-қатынастың болмайтынына айқын мысал. XXI ғасыр – компьютер ғасыры. Қазіргі уақыт – жаңарған және ақпараттандырылған технологияның шарықтап тұрған уақыты. Әрине, бұндай мезетте, жаңа заманның жаңашыл талаптарына да адамзат көштен қалмай еріп келе жатыр. Ұялы телефон, компьютерсіз бүгінгі ғасырды елестету мүмкін емес. Технологияның осындай ірі жетістіктерінің мол сұранысқа ие болуы – ұялы байланыссыз қарым-қатынас жасау мүмкіндігінің болмауына әкеліп соқтыруда.