Ұялмайсың ба немене?

Өзімді жек көрем! Алдымен ақын, онан соң адам болғаным үшін... "Жоқ, мұның жөн емес, адам деген позитивті өмір сүру керек қой",-дегіңіз келетінін білем... Себебі мен де көп адамға солай деп жаңылғанмын... Ертең өліп қалатын сияқты өмір сүру керек екен...

Көңілге қарағанды "қатырамын"... Ренжітіп кеткен құрбыны да кешіре салам, бұрқан-талқан болған "кегімді" де өшіре салам, ошм менде бәріне көз жұму оңайырақ... "Әй, сен дұрыс жасапсың! Кешірімді болған жөн ғой... Құдай кешіргенде сен кешірмейтін кім бо(лы)псың", -дегіңіз келгені анық... Жоқ,өміріңде екі күнге қонаққа келген адам үшін, оның үстіне көңіліңді қалдыратын жан үшін бас қатырғаныңның өзі түкке арзымайды...Елеме!

"Түу, сендер керемет жұпсыңдар ғой... Сенен асқан сұлу жоқ! Сенсіз өмір сүре алмаймын... "... "Аузыңды жапшы",-дей салсаң артынша өзгеріп кететін сөздер... "Сенбе жұртқа, тұрса да қанша мақтап!" Онсызда КЕРЕМЕТ екеніңді өзің де білмейсің ба, немене)))

 Бүгін жүрегім ауырып отыр... Сонсоң ғой сандырақтап әрнені түртіп отырғаным... Өмірге де, көзіме көрінгеннің бәріне өкпем қара қазандай... Түркістанды қоя тұр, айдалада өзімен-өзі отырған Алматының да жыныма жағып тұрғаны шамалы... Сол қала кінәлі... Ал күтіп ала ғой, тағы бір жақсыны тартып алдың менен... Енді атағын аспандатпай көр осыдан... 

Жек көрем сізді... Дәл осылай жазып алып жақсы көріп отырғанымды қарашы "немені"... Неменеге қырсыға беретінін Құдай білсін?! Неменеге қырсығатынымды ол біледі...

Жауапкершілігі жоқ адамды суқаным сүймейді... Алдың ба, қайтар! Бердің ба, ал! Айттың ба орында! Ағайдың тапсырмасын алғаныма екі апта болды... Жүргенім сол, "қашып кеттім",-деп мәз болып... Жерден алты қоян тапқандай қуанып... Ұялмайсың ба немене?!

-Мазам жоқ... Әлсіреп отырмын... Түкке зауқым жоқ... -Демалып ала ғой... Қайдан демалып қарық қылушы едің, отыр енді ол туралы өлең жазып, буын санап... Ойбай, атама! Саған хабарласуға болмайды ғой атымен... Абыройың төгіліп қалады... Сонсоң шашылған намысыңды бір-бірлеп теруге тура келеді... Не айтып кеттің, жынданайын деген шығарсың... Ұйықтай салшы, таң тез атады... Осылай қанша ұйықтап қалуға тура келді маған... Өкініш...

Қазір мен үшін бәрі жақсы! Дұшпаным жоқ, досым мүлде... Жалғыздықты ұнатсаң қайдан досың оңады?! Мейлі, "өлең сияқтыларым" аман болсын! Сонсоң "анандайларды" жек көрем! Бетіңе күліп мақтап кетіп алып, ішінен жаратпай тұратындар бар ғой... "Айналайын-ау, сен маған түк ұнамайсың",-десе мен оның басын кесіп алмаймын ғой... Оған жететін күшім де жоқ өзі... Әй, бірақ пендеміз ғой, қоя берші...

Нәзік көрінетініме зығырданым қайнап жүргенде,нәзік дауыс басыма сор болғаны бар еді... Бүгін көшенің басына әкеліп тастап тиынын алмаған жігітке аңтарыла қарағанымда: "Дауысыңыз әдемі екен, сол үшін барар жолымнан кері қайтуыма тура келді",-дегенін естігенде құла жаздадым... Апыр-ай, бұл өмірде ақыр аяғы дауыстың да маңызы атандай екен-ау, ә?! "Құдайға шүкір",-деп қойдым "есіме түсіп кетіп"...

"Ішің толып қалыпты ғой, байғұс",-дейтін ед(і),бір әжейге оқытсам мына жазбаны... Барды бар күйінде жаза салғым келді, оқи салғандарыңыз үшін рахмет! Жалпы нені кім қалай ұққысы келсе солай ұғады ғой, негізі мына жазбадан да "бірдеңке" алып қалсаңыздар екен дегенмін... Алатын түк болмаса массагетке тастап кетерсіздер! Уақыттарыңызды алдым, кешірерсіздер...

Өмір мен өзіне өкпелі, не істерін білмей отырған ашушаң "біреудің" "әңгімесі"...

 



Бөлісу: