Ұялғаным ай

Бүгін менде қызық жағдай болды. Таңертеңгісін әдеттегінше отағасына таңғы асын беріп,шығарып салдым. Жұмыс құжаттары мен ұялы телефонын ұмытып кетіпті. Уайымдамасын деп ескерту үшін хабарлама жібердім.Жұмысына кедергі болмасын деп қоңырау шалмағанмын. Ұялы телефонына смс келді.Ашып оқығым келді,ондай әдетім жоқ еді. Ашып оқысам,өзім жіберген смс тұр:"ОТАҒАСЫ,құжатыңыз,ұялы телефоныңыз үйде уайымдамаңыз" Ал рахаттанып күлейін. Ұят ай деп ұялып қоямын. Мына дамыған заманда маған не болды деп ойладым. Күдіктенген сезімді айтсай. Ет асып,оны күтіп отырмын. Оған  деген сезімім шексіз. Бүгінгі  күннің бір қызығы осылай болды. Мен бірінші рет өздеріңізбен сырласып отырмын. Көптеген мақала жазғым келеді. Алла бұйыртса тағыда қауышармыз.



Бөлісу: