Ұялғаным-ай...

Масқара, бұлай өмірімде ұялмаған шығармын... 1 апатадан бері қабылдау бөлмесіндегі қызымыз аурып қалып, орнында отырған болатынмын. Кеше, алдындағы күні - екі күн премьера өткіземіз деп, біраз шаршадық. Әдеттегідей бүгін де сағат 9.00де жұмыста, таң атпай соғылған қоңырауларға "Сәлеметсіз бе, қазақ театры. Сізді тыңдап тұрмын" деп жауап беріп отырдым. Бір кезде телефон тағы да шыр ете қалды. Тұтқаны көтердім де "Сәлеметсіз бе. Қазақ радиосы, сізді тыңдап тұрмын" дедім... Арғы жағындағы кісі де, менде абдырап қалдық. Есімді тез жидым да, "ой, кешіріңіз. Қазақ театры" дедім. Әйел кісі екен күліп жіберді... Тұтқаны қойған соң, бетімнен отым шығып ұялдым. Білмеймін, соншалықты қылмыс жасамағаныдығымды да біліп тұрмын, бірақ өзімді өте ыңғайсыз сезіндім. Бірден Қазақ радиосының аты аузыма түскеніне әрі таңқалып, әрі түсінбей Сіздермен бөліскенім ғой.



Бөлісу: