Ұяламын...

Ұяламын...
жеке
блог

Алғашқы махаббатым Жұлдыз ғой! Бірақ оған дейін балалық махаббатым болды ма?.. Білмедім, әйтеуір, Бәйгеқұмда - нағашымның ауылында көрші қыз болған Нұргүл деген. Кішкентайымда анаммен ауылға көп баратынмын. Сол кезде ойнаймыз ғой бәріміз. Мен үлкенімін. Жылатып тастайтыным бар-тын балаларды. Нұргүлді де, менен 2 жас кіші. Мені ауылдағылар сол қызға қосқыштай беретін. Мен ашуланып, бәрін төпелейтінмін. Бірақ Нұргүлге деген балалық сезім менде болғантұғын. Ауылға барсам, іздейтінім де сол болатын, бала кезімде.

Ал бүгінгі күні ол күйеуге шығып кетіпті деп естідім. Өткен жылы ауылға барғанда, аздап сөйлескем (агентпен). Тіке қарап сөйлесуге батылым бармады. Бір жағынан, Нұргүлдің семіріп кеткендігі ұнамады. Өзім де тартындым. Бала кезімізде сұлу болатын.

Әрине, біздің ақылымыз шектеулі ғой. Ал Алла адам баласын көркем түрде жаратады. Біздің санамыз жетпейді бәрібір, барлық адамды көркем бейнесінде көруге. Көз де әрнені көріп, бұзылған ғой. Сол семіргені - себебі де болды жақындамауымның. Нәпсім оянбады ғой, сезімім де жаңғырмады. Әйел қылып алғанмен, бәрібір болашақта нәпсім тартпай тұрса, көзім басқаға жүгіретін болады ғой.

Ұялдым... Қазір де ұяламын осындай екендігіме... Әйтпесе, бала махаббатына қосылыпты дегенді онша көп естімеуші едім.