Ұяда не көрсең...
блог
«Көйлегі көктік, қарны тоқтық,
Аздырар адам баласын»- деген Абайдың сегіз аяғы күні бүгінге дейін санамда сандуғаштай сайрап жатыр. Қызығы мен шұжұғы мол балалық шақтың бал дәмін татып жүрген кезімізде ӘКЕМ бізді дәл осы шумақтармен сабап алатын.
Бәрі есімде. Жаз айының шуақты күндерінде жайлаудан төрт түлек келсе болды ағам екеуміз құйын желдей жұйытқып үйге қарай заулайтынбыз. Сондағы мақсат: әкеміздің жанымызға таяқтай тиетін өлең жолдарын айтқызбай, нәтижелі еңбекке қол жеткізу. Кешкі асқа отырған сәттен бастап данышпанның қара сөздерін айтудан да еш жалыққан емес. Мен ол кезде он жастағы бала болдым, ісімнің де шала болғаны ақиқат. Бұлай деуімнің себебі: ойымның олақтығы болар іштей ашуланатынмын.
Қазір міне он тоғыз дейтін асудан астым. Өткенге көз жүгіртсем... Ұяда бойыма сіңірген тәрбиемнің арқасында өмір дейтін асау теңізде қайығым түзу келеді. Өзіндік соқпағымен қоса ақ қарасын айыра алмай, тағдыр сауалына түскен шағымда жаныма демеу болар алыстағы ұям, шашын ақ қырау шалған ақылшы адам. Ол мені ұядан ұшырды да, қомдаған қанатыма үмітін артты. Артылған аманатты ақтап, ұяда не көргенімді көрсету менің басты парызым.