ҮЙ ЕЛЕСІНІҢ КҮНДІЛІГІ 8.

ҮЙ ЕЛЕСІНІҢ КҮНДІЛІГІ 8.
жеке
блог
8-ші бөлім. 

2-ші наурыз 
Көктем басталып кетті. Енді мысық қозбаса болар еді. 

3-ші наурыз 
Ит түсінде " Балам, дибали мерекесіне дайындықтарың қалай? " деп сөйлеп жатыр. Сөйлеп жатыр дегенде қыңсылап жатыр. Оған теледидар қаратпау керек екен. 

4-ші наурыз 
Бүгін мысықтың сүтіне бұрыш салып қойдым. Кешке менің сүтімді іше салыпты сыболш неме. 

5-ші наурыз 
Бүгін мысық үйдегілер ұйықтап жатқанда құтырып ойнағаны үшін таяқ жеді. Шошаңдап жүгіріп жүр еді, қазір үндемей басылып қалды. ƏҺƏҺƏҺ.

 6-шы наурыз 
Кешегі болған жағдай үшін мысық үйдегілермен енді сөйлеспей қоятынын айтты. Какбудта алдында сөйлесіп жүргендей. 

7-ші наурыз 
Бүгін үйді шаңсорғышпен тазалап жүр. Мысық шаңсорғыштың даусын естіген кезде кереуеттің астына тығылып қалады. Кейін шаңсорғыштың даусы жоғалған соң шығып " кереуеттің астында шаруаларым болып қалды " деп қорыққанын жасыратынына не дерсің? 

8-ші наурыз 
Бүгін əлгі еркек үйдің егесіне мейрамға алтын алқа сыйламақ екен. Əрине қойған жерінен таба алса. Үйдің асты үстін толықтай мың қырық бес рет деп көп қылып қосып айтпайақ қояиын, мың қырық төрт рет қараған шығар. Бəрібір таппады. Мысық менің тыққан жерімді айтып мяулап қасында жүр. Үстікаш екен. Шамалы таяқ жемесе сағынады ау таяқты. Сол үшн мысықтың жататын жеріне апарып тығып қойдым. 

9-шы наурыз 
Мен жататын жерге бір мыраз дəрет сындырып кетіпті. Сол үшін үшеуміз жиналдық. Екеуі мойындамады. Бірақ мен мысықтан күдіктенемін, одан басқа үміткер жоқ. 

10-шы наурыз 
Бүгін мысық паркурмен айналысатынын айтты. Секіріп жаттығулар жасап жүр. Сөйтіп жүріп ақыры құмыраны сындырып тынды. Барып пырылдап үйдің егесінен кешірім сұрап жүр. Аднакы ол бүгін таяқ жейтін сияқты. 

11-ші наурыз 
Бүгін үйдің егесі ыдысты қолынан түсіріп сындырып алды. Мысық "мен сындырсам ұратын еді. Өзін неге ұрмайды? Не деген əділетсіздік" деп өзінің ренжісін білдірді. 

12-ші наурыз
Бүгін итке жаңадан қарғыбау алуға барады. Ит қуанып отыр. Мысық "маған қарғыбау алып бермек түгілі, базарға бір рет болсын ертіп алып бармады" деп ренжісін білдірді. 

13-ші наурыз 
Мысыққа Мысырда мысықтың қасиетті жануар болып саналатынын айттым. Енді ол Мысырда баруды армандап жүр. Бүгіннен бастап Мысырға бару басты мақсаты екенін айтты. Тіфу мə барады. Қуама.

14-ші наурыз 
Бүгін гүл салынған құмыраны құлатып алдым. Мысыққа "ешкім басып кетпесін қарап отыршы" деп алдап кеттім. Каканаесть без лоқа жезн плоқа.

15-ші наурыз 
Мысыққа біздің аквариумдегі балықтар алтын балық жəне кез келген тілегін орындайтынын айттым. Ол аквариумге қарай кеткен, келіп "балыққа мені Мысырға жіберуін сұрадым, бірақ ол мылқау екен" деді.

8-бөлімнің соңы.
 
 Жазба Вконтакте желісіндегі "Ғалымжан мен Сағынтай #ҒМС " https://vk.com/gms_kz сайтынан алынды. Қатты сөкпеңіздер!