ҮЙ ЕЛЕСІНІҢ КҮНДІЛІГІ 7.
блог
7-ші бөлім.
2-ші ақпан
Жаңа үйге көшіп келдік. Мысықты ырым жасап үйге бірінші кіргізіп жіберді, ал ол өзін авторитет сезініп қалды. Үй екі қабатты, маған ұнады.
3-ші ақпан
Итпен пештің қасында саясат туралы əңгіме айтып отырдық. Ішімді пыстырып жіберді,оданда мысықпен қуаласпақ ойнайын.
4-ші ақпан
"Хроники Нарнии" деген кино көрдік . Мысық таң қалып шкафтың ішіне кіріп кетіп, кешке дейін отты. Кешке шығып маған "басқа əлемге барып келдім" деп қояды. Өтірікші.
5-ші ақпан
Мысықты үйде адасып кетіп,үйдің шатырында жылап отқан жерінен тауып алдым. Мысықпен сұрақ жауап ойнап отырдық. Мысыққа Напалеон кім болған деген сұрақ қойған едім, "салат" деп жауап берді. Цезарь туралы сұрамайақ қояиын, не деп жауап беретінін біліп тұрмын.
7-ші ақпан
Иттен əлгі еркектің көлігінің дөңгелегіне неге үнемі дəрет сындыратын сұраған едім, "а нұсқасы" деп жауап берді. Жындыма дим ей осылар.
8-ші ақпан
Ит дарбазадан сыртқа шығып кеткен,біраздан соң таяқ жеп келіп "маған жабылып кетті" деді. Қанша ит болғанын сұраған едім, "біреу" деп жауап берді. Мысық маған келіп "үйдің егесі менің ыдысымнан, менің тамағымды жеп жүрген сияқты" деді. Осылар алжыған ау деймін шамасы.
10-шы ақпан
Мысық талдың үстіне шығып түсе алмай қалды. Енді жылап отыр. ƏҺƏҺƏҺ.
11-ші ақпан
Көрші үйде кəрістер тұрады екен. Ит "енді мүлдем далаға шықпаймын" дейді.
12-ші ақпан
Үшеуміз тықмайға сулифа ойнадық. Екеуінің қағаздан басқа ештеңе жасай алмайтыны қандай жақсы.
13-ші ақпан
Мысықпен түнде ойын ойнадық. Оған үйдегілердің аяғы көрпесінен шығып кеткен кезде əр тырнағанға бір ұпай деп айттым. Енді мысық сарайда қамалып отыр. Маған "сыболш,енді сенімен ойнамаймын" дейді. Ойнамасаң ойынбақ, көрші атаның қойын бақ.
14-ші ақпан
Мысық маған "параллельдік əлемде мысықтар жұмысқа барады, ал адамдар үйде жатып,үй елесімен ойнап, мысықтардың аяқ киіміне дəрет сындырады" дейді. Тіфу мə. Мысықтар кез келген əлемде осындай болып қалады.
15-ші ақпан
Таңғы бес. Үйдегі сағаттың барлығын жеті жарымға қойып қойдым. Тіпті ұялы телефондағы сағатты да. Үйдің егесі мен əлгі еркек тұрып жұмыстарына кетіп қалып, таңғы алтыда қайтып келді.
Жазба Вконтакте желісіндегі "Ғалымжан мен Сағынтай #ҒМС " https://vk.com/gms_kz сайтынан алынды. Қатты сөкпеңіздер!