ҮЙ ЕЛЕСІНІҢ КҮНДІЛІГІ 6.
блог
6-бөлім.
09:00
Міне тəуелсіз таңның атып келе жатқанына 25-ші жыл. Өз басым елес болсамда бұл күнді аса қатты құрметтеймін. Бірақ біздің үйде қазір шырша сəнделіп жаңа жылға дайындалып қойған. Күндердің күні тəуелсіздіктің мəртебесі жаңа жылдан биік болар. Мысыққа шыршаға тиіссең итпен күресіп жатқанда саған жақтасамын дедім.Мысық бір таяқ жеп алды.
10:00
Үйде ешкім жоқ. Мысық бір шаруаларымен шатырға кетті, ал ит үйдің егесімен бір жерге кетті. Ішім пысқаннан көрші тұратын орыстың үйіне бардым. Бұл кісі аңшы болмасада қабырғасында ілініп тұрған бір қасқырдың басы бар. Оған оны бір қырғыз аңшы сыйлаған деседі. Бұл орыс шəй ішіп отыр екен. Шəйіне демедрол қосып кеттім.
11:00
Мысық сыболш əлі жоқ. Іздеп шатырға шықтым. Төменге қараған едім, басым айналып, лоқсып, солённый бір нəрсе жегім келіп кетті десең иə.
13:00
Үйде түскі ас ішіліп жатыр. Бір кезде үйге көрші қытай келді. Оның үйінде бала шағасы көп, үйіне сыймай жатыр. Тағыда үйдің егесіне пəтеріңнің бос тұрған бөлмесін жалға берші деп сұрап келген шығар. Үстіне шкафты құлатып жібердім. Өзіне сол керек сыболштың.
14:00
Үйді жинастырып жатыр. Мысық алдында фобияммен күресіп жүрмін деген еді. Бірақ шаңсорғыштың даусын естіп тығылып қалды. Дұрыстап күресу керек мысыққа.
15:00
Ит үйдің егесінің аяқ киімін үйдің ішінде сүйретіп ойнап жүрген, сол үшін таяқ жеді. Маған ренжіп қалды. Жындыма дим ей менің не қатысым бар? Таяқ жесе болды маған ренжуді əдет қылып алған.
16:00
Биыл үйге жөндеу жүргізеді екен. Тағы көрші өзбектің балдары жасайтын шығар. Біздің үйдің бүкіл құрылыстық жұмыстарын солар істеп келді осы күнге дейін. Өзіміздің үйдің егесі жалқау.
17:00
Үйге көрші келген. Тəуелсіздік күнімен құтықтаған едім, "Құдай сақтасын" деп талып қалды. Ол бұрын атеист еді. Тағы бір екі рет құтықтасам молда болып кететін шығар.
18:00
Біздің үй əлемдегі ең керемет үй. Көршілерімізбен араздаспай келеміз. Əр үйдің кемшіліктері бар сияқты кемшіліктер біздің де үйде бар. Бірақ мақтанатын нəрсеміз оданда көп. Біздің үй біз тұрып жатқан тұрғын үйдің арасында кв.м үлкендігі жағынан тоғызыншы. Тағыда əдемі көрінеді. Қонақ бөлмені əдемілеп сəндеп жатырмыз, келесі жылы онда қонақтар қабылдап көрімдіктерінен пайда көреміз десең иə. Мысық "сол бөлмені сəндеу үшін менің сүтім мен вискасымды қысқартты" деп өзінің мұңын айта береді. Үй туралы мақтанып айта берсем ол таусылмайтын шығар. Кейбір үйдің адамдары сияқты басқа үйге жалданып емес өз үйімізде тəуелсіз тұрып жатырмыз соғанда шүкір. Үйімізде айқай шу шықпасын. Тəуелсіздік құтты болсын!
Жазба Вконтакте желісіндегі "Ғалымжан мен Сағынтай #ҒМС " https://vk.com/gms_kz сайтынан алынды. Қатты сөкпеңіздер!