2- бөлім.
14-ші қазан
Бүгін үйге үйдің егесінің шешесі келді. Күтіп алды. Аты Күлəш екен.
15-ші қазан
Үйдің егесі шешесіне мен туралы айтты, ал ол ондай нəрселерге сенбейтінін айтып менің сүтімді алып тастады. Бұл деген маған соғыс ашқанның белгісі. Мысықпен бірлесіп Күлəшқа қарсы соғыста штаб құрмақшы едім, мысық өзінің бұл соғыста нейтралитет болатын айтты. Жалғыз қалдым.
16-шы қазан
Мысыққа егер ол ас үстелінің үстіне мінетін болса өзінің осы үйде мықты екенін көрсеткені деген едім, ол басында қорқыңқырап артынан сынап көрмек болып үстел үстіне мінуге кетті. Ас бөлмеден дауыстар естіліп, мысық менің қасымнан зулап өтіп бара жатып маған "сыболш" деп айтып үлгерді. Екі рет. Диванның астында тығылып жатып бұлай жасау туралы ой салған мен екенімді айтып ақталды. Терпила. Аднакы оның мяулағанын менен басқа ешкім түсінбейді.
19-шы қазан
Бүгін Күлəш үйіне қайтатын болды. Құдайға шүкір.
25-ші қазан
Үйдің егесі ит асырамақшы екен. Мұны білген мысықтың көзінен қорқыныш байқалып тұр.
29-шы қазан
Ертең үйге ит алып келетін болды. Мысық маған поқ деп жүр. Бірақ мысық үйдегі кіші бөлменің ішінен тығылатын жер іздеп жүрген сияқты.
30-шы қазан
Бүгін үйге итті алып келді. Кіші иттердің қатырынан екен. Денесі мысықтың ар жақ бер жағы. Мысық кіші бөлмеден шықпай менен иттің қандай екенін сұрады. Алабай сияқты ит екен дей салдым. Мұны естіген ол бүгін кіші бөлмеде шаруалары бар екенін,шығуға қолы тимейтінін айтты.
31-ші қазан
Бүгін итпен таныстым. Аты пупсик екен.
1-ші қараша
Мысық түнде кіші бөлмеден шықты. Шыққанда да жаймен шықты. Қорқатыны көрініп тұр. Ит жүрген жерлерді иіскеп барлау жүргізді.
3-ші қараша
Бүгін мысық пен ит кездесті. Мысықтың жүндері бұлай тікірейгенін өмірімде көрмеппін.
6-шы қараша
Екеуін кездесіп, келісімшарт жасасуға əрең келістірдім. Əрине көнбеген мысық. Кездесу ертең өтетін болды.
7-ші қараша
Кездесу басталды. Ит бірден өзінің ешқандай қырылыссыз нəрмəлнə өмір сүргісі келетінін айтты,ал мысық өзінің талаптарын жіпке тізгендей айтып берді. "Менің ыдысымнан тамақ ішпейсің" бла бла бла бла.
12-ші қараша
Үй егесінің аяқ киімінің бір жұбын тығып тастаған едім, ит таяқ жеді. Менің кесірімнен таяқ жейтіндердің саны екеу болды.
13-ші қараша
Бүгін мысықты ваннада суға түсірді. ƏҺƏҺƏҺ
14-ші қараша
Бүгін үйге сантехник келді. Амандасып едім талып қалды.
15-ші қараша
Сантехник бүгін тағы келді. Үйдің егесіне кешегі дауыс естігенін, енді ішпейтінін айтты. Құтықтап қолын алдым. Енді жеуді де қоятын шығар.
18-ші қараша
Бүгін үйдің егесі қыдырып кететін болды. Итті өзімен алып кетеді, ал мысық үйде қалатын болды. Көршіден мысыққа қарап қоюын өтініп кетіп қалды. Сəтті сапар!
19-шы қараша
Бүгін үйдің екінші кілтін тауып алдым. Ертең мысықпен далаға шығатын болдық.
20-шы
Ертең болды. Ертең болды деппін ғой шығатын кез келді. Күнделігімді өзіммен алып шықтым. Мысық екеуміз подъездден түсіп бара жатқанда ол "үтікті өшірдік па?" деп сұрады. Менімше ол бұл сөзді үйдің егесінен естіп алған сияқты. Əйтпесе ол үтіктің не екенін де білмейді. Мақсатымызға сəл қалғанда алдымыздан кедергі болып домофон шықты. Адам кірем дегенше күтіп тұрдық. Бір кезде мысықты тапсырған көрші кіріп қалып, мысықты үйге əкеліп тастады.
21-ші қараша
Бүгін əйтеуір əрең дегенде шықтық далаға. Мысық даланы көріп апигет етіп қалды. Бүгін далада қонатын болдық. Далада жүріп районның мысықтарын кездестірдік. Бізден "тиын, анау мынау, айфон барма?" деп сұрады. Жоқ екенін айттық. Мысықтарға айфон, тиынның нақоя керегі бар?
2 бөлімнің соңы. Жалғасы бар.
Жазаба Вконтакте желісінен https://vk.com/gms_kz/ сайтынан алынды. Қатты сөкпеңіздер.