10-шы бөлім.
30-шы наурыз
Бүгін үйде елес туралы ұжыс кино көрдік. Енді қорқып жатырмын. Енді көрмейтін боламын. Мысық жарықты жағып қойып ұйқтаймыз деді. Жақсы идея.
31-ші наурыз
Мысықпен тығылыспақ ойнадық. Оны іздеуді ұмытып кетіппін, ал ол күні бойы кереуеттің астында тығылып жатыпты. Бəсе көрінбеді. Сол үшін маған ренжулі.
1-ші сəуір
05:45
Бүгін барлығын ерте тұрғызамын деп шештім.
06:00
Əлгі еркекті бірінші оятамын. Қалай оятсам болады екен? Үстіне полка құлады. Əрине үстіне полка құлағаннан басқа жақсы əдіс барма.
06;10
Мысықты оятуға бара жатқанда жолай итті басып кеттім. Оның жан даусынан барлығы оянды. Сүрприз.
2-ші сəуір
Мысық үйдің егесінің қалта телефонындағы Томды көріпті. "Кеше сие алмай секіріп тұрған еді, бүгін соның кесірінен өліпті. Үйінде құм жоқ екен" дейді мысық.
3-ші сəуір
Бүгін басым ауырғаннан əлгі еркектен дəрі сұрадым. Енді бізге екі дəрі керек. Маған бас аурудыкі, ал əлгі еркекке жүрек ауруына.
4-ші сəуір
Мысыққа семіз екенін айттым. Ол диетаға отыратын болды.
5-ші сəуір
Бүгін үйдегілер теледидардың пультын таба алмады. Əлгі еркек "осы үйде бірнəрсе бар заттарды тығатын" деп айтты. "Нан ұрсын мен емес тыққан" дедім. Тағы жүректің дəрісі керек.
6-шы сəуір
Мысық диетаның соншалықты əсері болмағаны, сол үшін бірден бес диетаға отырып, сол бес диетаның тамағын ішетінін айтты. Сол кезде əсері бес есе болады деп ойлайтынын айтты.
7-ші сəуір
-Неге осы гориллалардың мұрын тесігі үлкен?
-Мысық, өйткені олардың саусағы жуан
8-ші сəуір
Бүгін мысық білімін артырмақ болып, əлгі еркектің ноутбугына қарап отыр. Білімді мысықтың түрін салып алған. Бірақ білімді мысықтың түрі мысыққа қатысым жоқ деп тұр.
9-шы сəуір
Ит сыртқа шығуды мүлде доғарды. Себебі көршілер кəріс.
10-шы сəуір
Бүгін түсімде əжетхана көрдім. Соның кесірінен мысық таяқ жеді.
11-ші сəуір
Алдындағы Қазақстанның футболдан жастар құрамасы екінші орынға ие болғаны есіме түсіп кетті. Пара беруден жарыс болғанда ғой, пара беріп бірінші орынды алатын едік.
12-ші сəуір
“Қыз алсаң – қазақтан ал! Ары биік азамат, жүрегі жыр салтанат, ғұмыры ғажап махаббат ұрпақ өсіресің” деген сөзді оқып қалдым бүгін. Мысық бұл сөзді қытайлықтар айтқан деп ойлайды екен.