ҮЙ ЕЛЕСІНІҢ КҮНДІЛІГІ 1.

1-бөлім

10-шы шілде. 
Бүгіннен бастап күнделік жазып жүремін деп шештім. Əйтпесе соңғы 150 жылда ғана болған нəрселер есімде қалып жүр. Дəптерді осы үйде тұратын əйелден ұрлап алдым. Байқамайтын шығар. 

11-ші шілде. 
Бүгін ыдыстар жуылмапты. Осы үйдің егесінің(хозяйка) сырғасын тығып тастадым. Əбден еркінсініп бұл адамның баласы. 

12-ші шілде. 
Бүгін ішім пысты. Түнімен мысықпен қуаласпақ ойнадық. Үйдің егесі(хозяйка) оянып кетіп, мысықты қамап қойды. Менің досымды қамағаны үшін тіс пастасын төгіп тастадым. Мысық қамалғаны үшін маған ашуланып жүр. "екеуміз шулаймыз, бірақ мен ғана жазаланамын" дейді. 

14-ші шілде. 
Түнде істейтін түк болмаған соң ыдыс-аяқты сықырлаттым. Үйдің егесі(хозяйка) қорыққаннан көрпесін жамылып алды. 

17-ші шілде. 
Бүгін шкафтың үстінен құлап құмыраны сындырып алдым. Сол үшін тағыда мысықты жазалады, ал ол маған өкпелеп менімен сөйлеспей қойды. Тек ала көздерімен атып отыр. Ыңғайсыз болды одан. 

18-ші шілде. 
Бүгін үйдің егесі(хозяйка) үйді шаңсорғышпен тазалап жүр. Мысық екеуміз кереуеттің астына тығылып қалдық. Негізі мен қорықпаймын, жəй осы сəтті пайдаланып қорыққан сыңай танытып мысықпен татуласып алмақпын. Бұл жоспарым іске асты. 

21-ші шілде. 
Үйді тазалағаннан кейін күнделігімді іздеп енді таптым. Ол күндері былай түк қызық болмады. Үйге бір еркек келіп, үйдің егесіне гүл сыйлады. Сосын үйге қонатын болды. Мысықтан əлгі еркектің аяқ киіміне дəрет сындыруды өтіндім,бірақ ол шамалы сескеніп өзінің құмға дəрет сындырып үйреніп жүргенін сылтауратты. Бірақ мен оған шкафтың артына түсіріп алып, ала алмай жүрген сүйікті ойыншығын алып беремін деп уəде бергеннен кейін келісіп айтқанымды істеді. Азанда мысық оңбай таяқ жеді. Тағы маған ренжіп, сөйлеспей қойды. 

22-ші шілде. 
Бүгін түнде ішім пысып, үйдің егесін қылқындырдым. Таңертең əлгі еркекті үйге тұруға шақырып алды. Ол оны менен қорғайды екен мыс. Тіфу мə. 

23-ші шілде. 
Бүгін түнде əлгі еркекті қылқындырдым. Сайпал уже, ұнамайды ол маған.

29-шы шілде. 
Бүгіннен бастап үйдің егесі маған арнап арнайы ыдысқа сүт құйып қоятын болды. Типа мені сыйлайтынын көрсеткісі келеді ау. Жақсы болды. 

30-шы шілде. 
Бүгін ауырыңқырап тұрмын. 

2-ші тамыз. 
Бүгін шаршаңқырап тұрмын. 

9-шы тамыз. 
Бүгінге дейін күнделік жазуға зауқым болмады. Бүгін мысық екеуміз өлең айттық. Үйдің егесі мал дəрігеріне қоңырау шалды. Сол үшін мысық уайымдап отыр. 

10-шы тамыз.
Мысық менің сүтімді ішіп жүр екен. Не қрена себе сыболш. Тығып қойған сырғамды мысықтың жататын жеріне апарып қойдым. Мысық тағы таяқ жеді. Енді маған қатты ренжулі. 

12-ші тамыз. 
Бүгін үйдің егесі үйді сатып жіберіп, басқа үйге көшіп кетті. Ай ептваймайттың өмірі ай.

14-ші тамыз. 
Бүгін үйдің жаңа қожайындары көшіп келді. 

21-ші тамыз. 
Мысыққа бауыр басып қалыппын. Бүгін біздікілер көшіп барған үйдің елесімен ауысуға ұсыныс жасадым. Ол бірден келісті. Енді ше олардың үйі 3 бөлмелі,ал мынау 4 бөлмелі. 

24-ші тамыз. 
Бүгін жаңа үйге көшіп бардым. Мысық мені көргеніне басында қуанбады. Əлгінде таяқ жегенін ұмытпағанын айтты. Бірақ артынан осы үйдің бұрынғы елесі іш пыстырарлық екенін жəне мені сағынғанын айтты. 

25-ші тамыз. 
Мысыққа айнаның ішінде бүжəй бар деген едім, енді айнадан өзін көріп қорқып жүр. 

27-ші тамыз. 
Ваннада шалынып құладым. Сол үшін үйдің егесінің бұйымын тығып қойдым. 

29-шы тамыз. 
Əлгі еркек үйге тағы келді. Ол ваннада шалынып құлады. Үйдің егесінің бұйымын қайта орнына қойып қойдым. 

5-ші қыркүйек.
Күнделігімді жоғалтып алып, бүгін əрең таптым. Мысыққа үйден тышқан көрдім дегенмін, енді ол үйді шарлап іздеп жүр. Түнде де ұйқтамай іздейтінін айтты. 

8-ші қыркүйек. 
Мысық маған бірнеше күнгі ізденістен кейін əлгі тышқанды ұстап алғанын айтты. Өтірік. Мен оған тышқан көрдім деп ойнап айтқанмын. 

9-шы қыркүйек. 
Мысық менімен ойнамай пырылдап үйдің егесінің қасынан шықпай жүр. Сол үшін құмын шашып тастадым. Ақренел. 

19-шы қыркүйек. 
Күнделігім таусылып қалған, бүгін жаңа дəптер арнадым. Мысық құмына жете алмай кереуеттің астына шаруасын тындырып қойды. Сол үшін таяқ жеді. Енді маған ренжіп қалды. Лібə менің не қатысым бар? 

20-шы қыркүйек. 
Мысыққа татуласу туралы келісім шарт деп хат апарып бергенмін, ол өтірік оқығандай болып татуласатынын айтты. Негізі ол хатта азық түліктің тізімі жазылып тұрған. 

28-ші қыркүйек. 
Бүгін мысықтың туған күні. Сүтке сылқия тойып алдық. 

29-шы қыркүйек. 
Кешегі туған күннен кейін бас жазатын сүт іздеп жүрмін. 

30-шы қыркүйек. 
Мысықпен Animal planet көріп отырдық. Ол жолбарыстардың өтірік качок екенін, допинг ішіп дене шығарып алғанын айтты. Менімше ол көре алмайтын сияқты. 

1-бөлімнің соңы.

 Жазаба Вконтакте желісінен https://vk.com/gms_kz сайтынан алынды. Қатты сөкпеңіздер. 



Бөлісу: