ҰСТАЗДАР ЕСІРТКІГЕ ҚАРСЫ!
блог
Қызылорда ОПД ЕҚҚІҚБ тарапынан жарияланған сайысқа
Ұстаз – екінші ата-ана. Бала тәрбиесінде, оның өміріндегі елеулі өзгерістерге әсер ете алатын тұлғаның бірі ол да – ұстаз. Менің ұстаздық етіп келе жатқаныма 10 жылдан аса уақыт өтіпті. Осы уақыт аралығында оқушыларыммен нашақорлыққа қарсы қаншама іс-шаралар ұйымдастырыппын. Бұл іс-шаралардың, тәрбие жұмыстарын өткізудегі мақсатымыз да бала болашағының жарқын болуы, оларды жаман әдеттерден бойларын аулақ ұстаға үйрету. Қызылорда облысы полиция департаменті, оның ішінде Есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасы облыс көлемінде «Ұстаздар есірткіге қарсы» тақырыбында ұстаздарға арналған конкурс ұйымдастыруда. Бұл тақырыпта осындай шараның өткізілуі де бүгінгі күннің өзекті мәселесі болған соң және нашақорлықты азайтуға немесе тоқтатуға әсер ете алатын тұлға ретінде оның ұстаздар арасында ұйымастырылуы алдағы уақытта бұл тақырыптарда тәрбие, насихаттау жұмыстарының сапалы, креативті, заманауи, жас-өспірім ұрпаққа өтімді болатынына мен сенемін. Әрі ұстаз ретінде бұл шара жыл сайын жалғасын тапса деген тілегімді білдіргім келеді.
Бүгінгі таңда есірткі қоғамға өзінің үлкен зиянын тигізіп отыр. Өйткені қазір синтетикалық түрі пайда болды. Ал ол анағұрлым арзан. Сондықтан нашақорлыққа көбінесе жастар ұрынып жатады. Насихаттау жұмыстары көшеде, білім беру ордаларында, теледидар, радио, керек десеңіз әлеуметтік желілерде де үнемі жүргізіліп жатыр. Жастарамыз әрқашанда нашақорлықтың зиянды екенін, темекінің, арақтың неге апарып соқтыратынын, бұл арақтың осы отбасыға зиянды әрекеттері бар екенін олар толыққанды түсінеді. Өздеріне мағлұмат алады. Одан бөлек басқарма қызметкерлері нашақорлықты түп тамырымен жою үшін күні – түні еңбек етіп жатыр, жүйелі түрде профилактикалық жұмыстар атқарылып, тексерістер өткізеді. Бірақ, бірақ, бірақ....Неге бұл нашақорлық тыйылар емес? Неге? Жаман айтпай жақсы жоқ! Мен ұстаз ретінде ашылып, ой тарқатайын. Мен сынып жетекшісімін. Жыл сайын оқушыларыма нашақорлыққа қарсы түрлі формада тәрбиелік іс-шара жұмыстарын жүргіземін. Одан бөлек отбасында, басқа жерде үнемі оның зияндылығын естіп жүр. Менің оқушым жасөспірім немесе есейген азамат болды. Бір күні мен оның оның нашақор екенін естідім. Бұл қалай болғаны? Әр оқушым менің туған баламдай ғой! Бұдан асқан сұмдық бар ма? Сонда менің қанша өткізген тәрбие жұмыстарым, айтқан ақылдарым, сіңірген еңбегім мен кеткен уақытымның құмға сіңген судай жоқ болып, еш мәнінің болмағаны ма? Мүмкін бізге тәрбие, насихаттау формасын өзгерту керек шығар?! Қазір құр сөзбен «Біз есірткіге қарсымыз», «Нашақорлық қоғамдық дерт» деп 10 бет мақала жазып, басшылықтан, күнтізбедегі есірткіге қарсы белгіленген күннен «ұялғаннан» құрғақ тақпақ жаттап, плакатқа шприц пен склеттің суретін салып, бір-екі көрініспен тәрбие сағатын өткізуді, сол арқылы «для галочки» әркеттер мен ниетті қою керек, құрметті менің әріптестерім!
Ал сіз не ұсынар едіңіз? деген сұрақтың сіздің ішіңізде болуы міндетті. Мен осы орайда Б.Тілеухановтың бір интервьюінде (нашақорлыққа қатысы жоқ, басқа мәселе бойынша) «Бізге оны түсінуге көп мидың қажеті жоқ, жүректе шамалы иман болса болғаны» дегені бар еді, сол сөзі еріксіз есіме оралады. Бұл оқушыны діндар немесе имам қылып тәрбиеле деген сөз емес. Тереңнен кетпей ақ қояын, бірақ біз баланы үнемі көз алдымызда бақылауда ұстай алмаймыз. Оған бала кезден адамгершілікке тәрбиелеп, жүрегіне иман нұрын сеуіп отыру керек. Баланы үнемі жақсы көретініңізді, адамның өмірге адам болып келген соң, адам болып қалуын жүректеріне жететіндей ұғындыруымыз керек. Әрине ол үшін ең бастысы баланы жүрекпен жақсы көріп, әрі жанашыр, сырлас досына айнала білуіміз керек. Сонда біз көздеген мақсатымызға, ескірткісіз Қазақтанға айналатымызға кәміл сенемін! Мақала құр сөзбен көшірілген, ұрланған, біреудің еңбегіне қол сұғу болып табылмайды. Қысқасы таза мақала.