“Ұстаздар есірткіге қарсы!"
блог
«Қызылорда ОПД ЕҚҚІҚБ тарапынан жарияланған байқауға»
Адам денсаулығы – қоғам байлығы, әрбір адам өз денсаулығының мықты болу жолдарын қадағалау керек. Дені сау адам еңбекке әрқашанда құлшыныспен кіріседі. Ұлтымыздың болашағына қауіп төндіріп отырған наша, арақ, темекінің келтірер зияны ұшан теңіз. Нашақорлық-наркомания (грек тілінен narke – мелшию және manіa – ессіздік, құтырыну) – есірткі заттарға патологиялық дағдыланудың нәтижесінде пайда болатын созылмалы ауру. Есірткі - бұл адамның көңіл - күйін, сана - сезімін, мінез - құлқын бұзатын қауіпті, тыйым салынған химиялық зат.
Ол адамның есін алып, құмарлық желігіне ұшыратады, есірткісіз өмір сүре алмайтын бейшара халге жетеді. Мұның барлығы адам ағзасына өте зиянды алғашында дәмін көруге үйретеді де, кейін өзіне тәуелді етіп қояды, табылмаған жағдайда ұрлыққа, адам өлтіруге дейін барады.
Есірткілерді бір-ақ рет пайдаланудың соңы:
- Есірткілердің бір рет дәмін татқаннан кейін, тағы да тұтынуға құмарлық пайда болуымен;
- Психикалық тәуелділіктің даму мүмкіндігімен;
- Есірткілерді мөлшерден артық тұтынумен;
- Есірткілік заттарға аллергиялық реакциялардың дамуымен;
- Есірткіні қан тамыры арқылы тұтынғанда, ЖИТВ жұқтырудың нақты мүмкіндігімен;
- Есірткіге әуестік бүкіл өмір бойына сақталу мүмкіндігімен;
Нашақорлықты емдеу ауру адамның және туған-туыстарының зор күш-жігерін, медицина қызметкерлерінің биік кәсіби дәрежесін, көп қаражат шығындарын қажет ететін ұзақ, күрделі, көп сатылы процесс. Бірлі-жарымды адамдар ғана есірткіге тәуелділікті жеңе алады, яғни дерттен айығады; Есірткілік заттарға әуестену бір ғана тәсілмен - есірткіні ешқашан, бір ретте татпау арқылы құтылуға болатын қатерлі, қалыпқа келтірілмейтін қауіп.
Кез-келген есірткі түрлерін қолданғанының белгілері:
- терісінің ағаруы;
- ұйқысының бұзылуы (мүлдем ұйықтамау немесе тым ұзақ ұйықтау)
- тәбеттің бұзылуы (тәбеттің болмауы немесе үйге оралған соң, оның кенет көтерілуі, шамадан артық шөлдеу)
- сөйлеу мәнерінің өзгеруі («шұбатылған» баяу сөз)
- көздің қарашығы көлемінің өзгеруі (көз қарашығының кенеттен үлкеюі немесе түйреуіш басының көлеміндей тарылуы)
- баланың терісінен және киімдерінен өзгеше иістің шығуы.
«Тәрбие тал бесіктен басталады» демекші, елдегі есірткімен байланысты жағдайды жақсарту бойынша ауқымды жұмысты барлығымыз отбасынын бастауымыз қажет.Баланы еңбекке, имандылыққа, білімге баулып, дұрыс үлгі көрсету арқылы ғана біз оңтайлы нәтижелерге қол жеткізе аламыз.
Жас жеткіншек! Өз тағдырың– өз қолыңда. Адам өмірге бір-ақ рет келеді, оны жақсы етіп сүру сенің қолыңнан келеді. Өзіне сенімді адам ғана өзгелердің теріс әсеріне бағынбай, өзін сақтай алады. Бойыңдағы бар қабілетіңді тек жақсылыққа бағыттай біл. Зиянды әдеттерден, ішімдіктен, шылымнан, есірткіден аулақ бол. Тәуелсіз еліміздің жарқын болашағы сенің қолыңда.
!