Алғашқы кездесулер, танысулар, табысулар. Алғашқы гүлдер, сыйлықтар, кештер. Алғашқы мерекелер, алғашқы мерейтойлар, алғашқы ортақ достар. Әдемі сезім осылай басталады. Сіздің әдемі сезім басқалардың әдемі сезіміне өте ұқсас.
Ал ұсқынсыз махаббат ше? Қандай ол? Әр кімдікі әр түрлі.
Жауап берілмеген алғашқы смс, алғашқы көрмей қалған қоңырау, алғашқы ұмытылған құттықтау, алғашқы ұрыс-керіс, алғашқы еленбеген өкпе, алғашқы сұралмаған кешірім. Осының және осылар секілділердің қайсысы болсын ұсқынсыз сезімге апарады емес пе?
Сүйкімсіз махаббаттың соңы да смспен аяқталады екен.
"Бізге ажырасу керек". "Мен сені сүйемін" дегеннің орнын басқан үш сыйқырлы сөз.
Жігіттер неге сондай қорқақ?
Бүгін бір құрбымды жұбатып отырып осындай ой келді....